Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Күріш диетасы

Күріш диетасы

Күріш диетасы – арықтауға арналған, әлемдегі ең танымал диета түрі. Біріншіден, денсаулығымызға өте пайдалы. Екіншіден, ағзаны тұздан, қажетсіз заттардан тазартады. Қытай, Корея, Жапония мемлекеттерінде толық адамдар өте аз. Бұл күнделікті мәзірде күрішті көп жейтіндіктерімен байланысты болса керек. Бұдан өзге ішек жолының дұрыс жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Яғни күріш диетасын ұстау арқылы арықтап қана қоймай, ағзаңызды тазартасыз. Арықтауға арналған диетаны ұстамас бұрын, алдын ала дайындалу қажет. Ол үшін 5 стақанға 2 ас қасық күріштен салып, таза су құямыз. Төрт күн қатарынан күріштің суын ауыстырып отырамыз. Бесінші күні таңертең бірінші стақандағы күріштің суын төгіп, жеңіз. Айтпақшы күрішті қайнатудың қажеті жоқ. Кейін осы ыдысқа күріш салып, су құйып, соңғы қатарға қойыңыз. Күн сайын суын тазартуды ұмытпаңыз. Келесі күні де осы әрекетті қайталаңыз. Күріш ағзаға түскен соң ол жердегі тұзды сыртқа шығарады. Ағзадағы тұз суды тез сіңіретіндіктен, оның еш пайдасы жоқ. Ағзада қалып қойып, арықтауға кедергі жасайды. Диета 2 аптаға созылады. Оны ұстап болған соң тамақтағы тұз мөлшерін азайтқан жөн. Әйтпесе диетаның арыктау үшін еш пайдасы болмайды. Күрішті таңғы аста жейді. Егер жылдам арықтағыңыз келсе, күнделікті мәзіріңізден нан, қант, картоп, макарон сынды тағамдарды ысырыңыз. Арықтауға арналған күріш диетасының тағы бір түрі бар. Ол «екі тағам» деп аталады. Аталған диетада бірінші ас күріш болса, екінші ас – теңіз тағамы. Екі тағам диетасын ұстайтын болсаңыз, күніне екі уақыт қана тамақ жеуіңізге тура келеді. Бірақ күріш пен теңіз тағамын араластырып бір уақытта жеуге болмайды. Бұл диета небары 5 күнге созылады.

Massaget.kz
15 тамыз 2018 ж. 2 744 0