Балқашта «Асықтар» мүсіні пайда болды
Балқашта жаңа қалалық көрнекті жер пайда болды. М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының алдында «Асықтар» мүсіні орнатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бес ауқымды асықтар шыны талшықтан жасалған. Әр мүсіннің салмағы 30 килограмм, ұзындығы – 1,5 метр құрайды. Балқаш қаласының баспасөз-қызметі мәлімдеуінше, асықтар иіргенде түскен қалпына қарай – алшы, тәйке, бүк және шік түрде орналастырылған.
М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының алдын абаттандырумен «Kendala Kazbest» ЖШС айналысып жатыр. Бұл кәсіпорынның директоры Б.Әбенов алаңда жақын арада жаңа қоқыс жәшіктері мен орындықтар деп хабарлады. Сондай-ақ компания мұнда жас жұбайларға арналған арка мен субұрқақ орнатуды жоспарлап отыр.
Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі.
Тәйке – асықтың иіріленде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие.
Бүк – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие.
Шік – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.
Baq.kz