Алматылық жігіт сексеуілден тері ауруларын емдейтін сабын жасап шығарды
Қара сақар сабын деген сөз қазақтардың көпшілігіне таныс. Кейінгі жастар білмесе де, жасы ұлғайған ата-әжелеріміз оның шипасы мен пайдасын естіп өскен болар. Қазақтың қара сақар сабыны тері ауруларына таптырмас. Оны қолдану тәсілі өте оңай. Бірақ әзірлеуі қиын, дайындалуы ұзақ жұмыс. Міне, осы сақар сабынды алматылық Ербол есімді азамат жасап жүр. Безеуді де, жараны да жоқ етеді дейді
«Мұны мен анамнан үйрендім. Анам оны нағашы әжемнен үйренген екен. Яғни мұны біздің ата кәсібіміз десем де болады. Бала кезімде денесін жара басқан, шашы түсіп, таз болған таныс-туыстар біздің үйге қолқа салып келетін. Олардың көңілін қимай, анам санаулы ғана сабын дайындаушы еді. Бірде маған: «Неге осыны көбірек жасап, жалпы халықтың қолданысына жаратпасқа?» – ой келді. Қара сақар сабын шын мәнінде шипалы болуы үшін оған қосылатын заттардың мөлшерін, қайнату тәсілін білу маңызды екен. Оны үйренуіме алты ай кетті. Толық үйреніп болған соң нағашы атама барып, рұқсаты мен батасын алдым.
Нағашы атам Сейітбаттал Талғар ауданында тұрады. Ол кісі аймаққа танымал халық емшісі. Бүгінде жасы 80-ге келіп қалды. Әлі күнге алдынан адам үзілмеген жан. Атам маған бұл істі бастамас бұрын заңды құжаттар жасатып алуға кеңес берді. Сөйтіп «Қазақстан халық емшілері қауымдастығынан» рұқсат алуымды, өзімнің жеке емші ретінде тіркелуімді тапсырды. Содан Зядан Қожалымов атаға барып, өсімдіктерден және жануарлардан алынатын заттар арқылы адам емдеуге рұқсат деген құжаттар алдым», - дейді Е. Әкімғали.
Айтуынша, қара сақар сабын беттегі безеу, денедегі бөртпе, қышыма, экзема, псориаз, қабынудан болған, аллергиялық бөртудің түрлері, сәбилердің денесінің бөртуі, қышыма, қотыр, шаш түсуі, қайызғақ, теміреткі, сүйелді өте жақсы кетіреді екен. Геморройға да жақсы көмектеседі дейді. Шуаш пен қолаңса иісін де жоятын көрінеді. Нәтиже көп күттірмейтінін емделушілерден естігенбіз. Атырауда үш айлық сәби денесіндегі бөртпе, Ақтөбеде 16 жастағы бозбаланың қолындағы сүйел осы сабынның арқасында жазылғанынан құлағдармыз. Алматылық 41 жастағы келіншекті 13 жыл мазалаған псориаз жарасы да қырық күнде жазыла бастапты. Айта берсек, мұндай мысалдар көп. Жалпы, қара сақар сабынды қолданғандардың 90 пайызында жақсы нәтиже бар деседі.
Шипасы көбігінде көрінеді
«Себебі сабынның көбігі жараның түпкі тамырын жояды. Ет пен тері арасындағы тамыр өзегі күйген соң жара ешқашан қайта шықпайды. Сондықтан қара сақар сабын әсіресе псориаз бен экземада таптырмас ем болып отыр. Осыған сұраныс жақсы. Көп адам жазылды.
Сосын шаш проблемасы мазалайтындар көп екен. Осы өзіміздің облыстан 14 жасар баланың анасы келген. Химия алғаннан баласының шашы түсіп қалыпты. Сол апай баласына 21 күнде шаш шыға бастады деді. Бір жарым жылда тағы 6 адамда осындай нәтиже болды. Шаштың тым сирек болуы, арасынан дөңгеленіп түсіп қалуы әйелдерде көп кездесіп жүр. Сосын екі самайы мен арт жағында ғана шаш бар, төбесі қасқа, таз ер адамдар көп. Қара сақар сабын осы проблеманың бәрін жояды.
Ол үшін ең алдымен күнделікті пайдаланатын химикат сабын, шампунь, бальзам қолдануды тоқтату керек. Дерт түріне қарай шашты не денені осы сабынмен жақсылап бір жуып, шайып тастайды. Сосын қайтадан көпіртіп, көбігін крем сияқты жағып қою керек. Көбік құрамындағы пайдалы қасиеттері денеге сіңуі керек. Уақыты 10-15 минуттан аспауы тиіс. Әйтпесе теріні күйдіріп жіберуі мүмкін. Тиісті уақыты өткен соң таза сумен шайып тастайды. Күнделікті 1-2 рет қолданылады. Сонда нәтижесі тезірек байқалады.
Ал сүйел болса сабынның кішкентай бөлшегін алып, бетіне жауып қойса болады. Мұны күні бойы жасай беру керек, сонда тез жазылады. Одан кейін қандай сабын, шампунь қолданады, ол әркімнің өз қалауы», – дейді кейіпкеріміз.
Күлді қайнатып, қойдың майын қосады екен
Ерболдың бұл кәсіпті қолға алғанына бір жарым жыл болған. Көп уақыт деуге келе қоймас. Әйткенмен сабынына сұраныс көп. Әзірлеуші де, таратушы да жалғыз өзі болғандықтан, үлгермей қалатын кездері де болады екен.
«Бұл 100 пайыз табиғи өнім. Қара сақар сабын сексеуіл мен алабота өсімдіктерінен жасалады. Оған қойдың майын қосамын. Сабынды әзірлеу оңай шаруа емес. Мысалы, алаботаның емдік қасиеті артып, пісетін уақыты болады. Оны сол кезде алу керек. Оны жаз бойы өзім жинаймын. Ал сексеуіл «Қызыл кітапқа» енген өсімдік. Сондықтан оны заңды құжаты бар арнайы орындардан сатып аламын. Бұл екі өсімдік те шөл, шөлейтті жерде өседі. Улы, дәмі ащы болғандықтан оны мал жей бермейді. Қайнату үшін өсімдікті таза жерге өртеп, күліп аламын. Оларды бір-бірімен араластырғанда мөлшері артық, не кем болмауы керек. Көп қосылып кетсе, адамның терісін күйдіріп жіберуі мүмкін. Мөлшерден төмен болса, емдік әсері азаяды. Дұрыс жасалмаған сабын көпірмейді, тез сынғыш, пайдалануға қолайсыз болады.
Күлді 200 литр суға таңертеңнен кеш батқанша тоқтаусыз, су толық буға айналып кеткенше сақырлатып қайнатамын. Қайнату кезінде бет аузымды тұмшалап аламын. Одан сондай бір ащы, өткір иіс шығады. Ол мұрын мен тамақ арқылы өкпеге өтсе, күйдіріп жіберуі мүмкін. Қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлу керек: қайнап жатқан кезде кішкентай түйір денеге немесе бетке тиіп кетсе, қорғасын құйғандай күйдіріп жібереді. Қойдың майын қосқанда мөлшері асып кетсе «вулкан» сияқты ауаға атқылайды. Жан-жаққа шашырайды. Сондықтан мөлшерн білу маңызды. 12 сағатқа жуық қайнағанда 200 литрден бір бақырдай ғана қою қомалжың қалады. Оны қалыпқа салып кептіріп, сабын көлеміндей етіп кесемін. Қораптап, сұрағандарға автобус не пойыз арқылы салып жіберемін», – дейді Ербол.
Осындай ауыр бейнетпен алынатын сабынның бағасы қымбат та емес: данасы мың теңгеден сәл-ақ асады. Дегенмен одан көптеп алып, екі мың теңгеден сатып жүрген жандар да бар.
Е. Әкімғали жақында қара сақар сабынға «халал өнім» деген серификат алмақ екен. Одан кейін патенттеу мәселесін қарастырмақ. Отыз жастағы азамат отбасын осы кәсіппен асырап-бағып жүр. Бұл күні ұмытылуға жақын қазақтың көне емінің бірін жаңғыртқан жігіт, бұйыртса, кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр. Біз оның ойға алған ісі орындалуына тілектестік білдірдік.
Қамшы» сілтейді