
Әр адам өз күндерінің көңілді болуын үміт етеді. Жабыққан сәттеріңізде сәл ғана көңілге медеу болар оқиғалар көңіліңізді серпілтіп тастауы әбден мүмкін. Ендеше, дәл сондай жағдайды өзіңіз де жасай аласыз. Құлазыған, көңіл-күйіңіз төмен болған сәттерде мына істерді істеуге тырысыңыз: *** Өзіңіз істегіңіз келетін, бірақ істеуге уақыт таба алмай жүрген істермен шұғылданыңыз. *** Кездеспегелі, тілдеспегелі ұзақ болған ескі достарыңызға телефон шалыңыз. *** Өзіңізді ренжіткен адамды немесе ренжіткен оқиғаны ұмытыңыз да, көңілді сәттеріңізді еске алыңыз. *** Әзіл-қалжың, анекдоттарды оқыңыз да, оны басқаларға айтып беріңіз. Күлкі – жан азығы. *** Өзгелерге берген уәдеңізді еске алыңыз да, сол жұмыстарды тындыруға кірісіңіз. *** Басқаларға көмектесіңіз, достарыңызға көмек қолыңызды ұсыныңыз. Оларды шабыттандыратын сөздер айтыңыз. *** Мүмкіндігінше отбасыңыздың адамдарымен бірге болыңыз. Оларға көп уақыт бөліңіз. *** Басқаларды көбірек мақтап тұрыңыз, олар үшін бұл ең тамаша сыйлық. Есесіне өзіңіз қуанышқа бөленесіз. *** Көңіліңізді кеңге салыңыз. Ашуланатын кезде бұл істің алдағы күндерге әсер ететін-етпейтіндігімен санасыңыз. Біреумен әзілдескен кезде, күлкіңіз шынайы болсын. *** Үнемі жаңа дос табуға талпынып жүріңіз. *** Тәуекелшіл адамдарға көңіл жасытар сөз айтпаңыз. *** Бір жақсы кітап немесе тамаша кино көріңіз. *** Өзіңізді аялай біліңіз. Тәбетіңіз тартқан тамаша тағамдарды тұтыныңыз. *** Бөлмеңіздің ауасын таза ұстаңыз. Ашуланған кездеріңізде мүлде темекі тартпаңыз. *** Ашуланған кезіңізде өзіңізді сабырға шақырып, тазалық жұмыстарымен немесе үй реттеумен айналысыңыз. Кітап сөресіндегі кітаптарды мазмұнынан қарай орын-орнына қойып шығыңыз. *** Өткен күндердің естелігі болатын суреттерді көріңіз. Әр суреттің қай кезде, қандай жағдайда түсірілгенін еске алыңыз. *** Жол жүргенде кеудеңізді көтеріп жүріңіз. Сонда ғана жол-жөнекей кездескен адамдардың ыстық сәлемін алып отырасыз. Бұл көңіліңізді серпілтіп тастайды. *** Жақсыдан ғибрат алсаңыз, көзқарасыңызды одан әрі айқындай түсесіз. Көптеген даналық сөздерін оқып, оның мағынасына үңіліңіз. *** Көз алдағы ісіңізге батылдықпен кірісіңіз.
Massaget.kz