Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әдемі сөйлеңіз

Әдемі сөйлеңіз

Өз ойыңды жинақтап айта алмау, паразит-сөздерді қосып сөйлеу... Бұл жағдайлар сізге таныс па? Адамның сөйлеу мәнері ол жайлы көп нәрсе айта алады. Ал егер басқалардың алдында беделді де, ақылды көрінгіңіз келсе, сөйлеу мәнеріңізді түзеңіз. 1) Бір жақсы жаттығу бар. Үй тұрмысындағы бір затты алыңыз, мысалы, табақ және 5 минут ішінде сол табақты әдеби тілде сипаттап беріңіз. Бастапқыда біраз қиындау болады, бірақ әр жаттығу сайын жеңілдей түседі. Біртіндеп жаттығу уақытын созып, тақырыпты да ауқымды етуге тырысыңыз. Бұл жаттығулар уақыт өте келе дұрыс сөздерді таңдап сөйлеуге және бір сағат бойы бір табақ жайлы, сөздерді қайталамай сипаттап бере алатындай жағдайға жеткізеді. 2) Сөздеріңізден "енді", "жаңағы", "ыыы", "ммм" деген сияқты паразит-сөздерді алып тастауға тырысыңыз. Әңгіме барысында қатты эмоция білдірмеңіз. Қарапайым сөздерді пайдалануға тырысыңыз, асықпаңыз. 3) Сөйлеу мәнеріңіздің қарқынына мән беріңіз. Гөй-гөйлеп сөйлеуден қарсыласыңыздың іші пысып кетуі мүмкін. Кей уақытта кідіріп, кей жерінде эмоцияңызды білдіріңіз, бірақ қатты емес. 4) Әңгімелесу барысында түрлі метафоралар мен салыстырмаларды, мақал-мәтелдерді пайдалана сөйлеңіз. Бұл сөздеріңізді жандандыра түспек. Және әрине, әзіл-қалжың. Орынды болса, тіпті кейде өзіңізді де күлкіге айналдыра салсаңыз да болады. 5) Сөйлеу мәнеріңізді жаттықтыру үшін араласатын, сөйлесетін адамдарыңыз да көп болуы керек. Егер ондай мүмкіндік жоқ болса радио мен теледидар да жарайды. Сүйікті тележүргізушіңізге еліктеп, оның фразаларын, дауыс ырғағын салсаңыз болады. 6) Түрлі әдебиетті оқуға тырысыңыз: кітаптар, газеттер, журналдар. Тіпті мектепте оқуға беретін отандық классиктерді де оқып шықсаңыз болады. Оқығанда да асықпай, әр сөйлемді жете түсініп оқыңыз. Бұл сөйлемде сөздерді дұрыс пайдалануға, сөздік қорыңызды молайтуға мүмкіндік береді. Сөздік қорыңызды біртіндеп молайтып, алған біліміңізді әңгімелесу кезінде пайдалана алсаңыз, сөздерді басқара алатыныңызды байқайсыз, ал кейін олар сізге жұмыс жасайтын болады. Біраз жаттығулардан кейін ойыңызды еркін жеткізе алатындай дәрежеге жететін боласыз.

Massaget.kz
13 шілде 2018 ж. 3 940 0