Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Арықтау үшін жаңа тәсіл қолданыңыз

Арықтау үшін жаңа тәсіл қолданыңыз

Қыс мезгілінде арықтаудың қажеті жоқ, мүсініңе сын келтірер жерлерді қалың киім жауып тұрады деген – бос әңгіме. Алда жаңа жыл келе жатыр. Әдемі көйлекпен әдемі болып жүру – әр қыздың міндеті. Артық салмақпен күресуді суық күнде де тоқтатпаймын десеңіз мына тәсілді қолданып көріңіз. Үлкен қағаз алып ортасына дөңгелек сызыңыз. Дөңгелек ішіне «Мен арықпын» деп жазып, өзіңіз қалаған мүсін суретін салыңыз. Айналасына мына сөздерді жазыңыз: Мен сымбатты, өзіне сенімді қызбын. Жігітім (не ата-анам, күйеуім) мені мақтан тұтады. Күніне бір түйір тәтті жеу жеткілікті. Құрбым (атын) екі айда 10 кг салмақ тастады, бұл менің де қолымнан келеді. Киімдерім бұрынғыдан да әдемі көрінеді, тағы да жаңа киім аламын. Дұрыс тамақтанамын. Шай мен кофе орнына көбірек су ішемін. Кешке ешқандай ұн өнімін және тәтті жемеймін. Аптасына екі рет жарты сағат жаттығу жасаймын. Балаларыма (сіңлілеріме) үлгі боламын. Осы сөздер жазылған қағазды көрнекті жерге іліп қойыңыз.

Massaget.kz
13 маусым 2018 ж. 1 262 0