ДАМЫҒАН ТІЛ МӘДЕНИЕТІ – ЗИЯЛЫ ҰЛТТЫҢ ӘЛЕУЕТІ
Елбасы өткен жылы жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деп жазды. Әрине, ұлтымыздың ізгі қасиеттерінің шыңындағы дәстүрі, салты, ғұрпымен қатар тілі де маңызды рөл атқарады.
Осыған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қазір соңғы кезеңіне аяқ бастық. Басты мақсат – белгілі, ана тілдің мәртебесін арттыру, тіл тазалығы, үштілділік пен мемлекттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған.
Алаш арысы А.Байтұрсынов «Тіл тазалығы дейтініміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу» десе, енді бірде «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы – еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды» дейді. Қазіргі тәуелсіз болған тұстағы ел президентінің «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» ұстанымының осынау қанатты сөздермен астасып, біте қайнап жатқанын көреміз.
Әлемдік тіл мамандарының дерегіне сүйенсек, жер бетінде әр 14 күнде бір тіл жоғалып отырады екен. Ал, кез келген ұлттың келешегін өзіне ғана тиесілі тілінсіз елестету мүмкін емес. Сондықтан, бұл мәселе кімді де болса алаңдатпай қоймас. Осыдан-ақ ана тіліміздің қолданыстағы құндылығын арттыра түсудің қаншалықты қажет екенін түсінуге болады.
Бір қуанарлығы, егемендікке қол жеткізіп, еңсемізді тіктегелі бері біраз дүниемізді қайтарып келеміз. Бұрынғыдай қазақ тілінде сөйлеуге намыстанып, сөйлегеннің өзінде әдейілеп тілін күрмелтіп сөйлейтіндер бүгінде жоқтың қасы. Соңғы уақытта барлық дерлік іс-қағаздар тек мемлекеттік тілде жазылып, мемлекеттік қызметкерлерге ана тілін міндетті түрде меңгеру талабы қойылды. Мұның барлығы Елбасының ұлт болашағына алаңдауынан туған мәселелер.
Десе де, анамыздың ақ сүтімен бойымызға тараған тілімізде анық сөйлеп, таза жазып, айту жағы әлі күнге ақсап тұрғаны жасырын емес. Әсіресе, әлеуметтік желілерде жылдам хат алмасуды көздеп, біле тұра үлкен қателіктерді жіберіп жатамыз. Мәселен, «Нест?» немесе «Нестеватсың?» (Не істеп жатырсың?), «Отырқ» (Отырмыз), «жүрш» (жүрші), «Келатырм» (Келе жатырмын) секілді көптеген сөздерімізді бастапқы болмысын жоғалтып жазып жүрміз. Бұл елеусіз нәрсе секілді көрінгенімен, уақыт өте келе дұрысы қайсы екенін ұмытып қалуымыз ғажап емес. Сондықтан, дәл қазірден бастап әрқайсысымыз ана тілімізді жауапкершілікпен қолдануды қолға алғанымыз дұрыс.
Қазіргі таңдағы тіл мәдениеті төңірегіндегі тағы бір мәселе – бабамыздан келе жатқан ардақты тілімізді орыс тілімен араластырып, шұбалаңқы сөйлеу. Бұған дейін орыстың отарлау саясатының кесірі деп ақталып келдік. Ал, енді одан бері де ширек ғасырдан аса уақыт өтіп барады. Тәуелсіз елде дүниеге келген ұл-қыздар ел басқарып, ақыл айтар шаққа жеттік. Ендігі жерде ұлттық құндылықтарымызды одан әрі қарқынды түрде дамыта түсуге бағытталу қажет. Әбден, қолданысымызға еніп, санамызға сіңіп кеткен орыстың уже, просто, давай, короче, вообще сияқты сөздерінен арылсақ нұр үстіне нұр болар еді. Еліміздің әр азаматы әуезді, әдемі, жағымды қазақ тілін былғамай, таза сөйлесе қандай керемет. Тіл мәдениеті деген де осы болса керек. Осы орайда Ыбырай Алтынсариннің «Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкін қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе» деген сөзі еріксіз ойға оралады.
Тіл жанашыры А.Байтұрсынов та «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады» дейді. Міне, әліппенің атасы айтқан осы сөздің өзі мемлекеттік тілімізді қаншалықты құрметтеп, қадірлеу керектігімізді айшықтап тұр. Қалай десек те ана тілінің қадірін арттыру – дамудың даңғыл жолындағы бір қадам екенін естен шығармайық.
Гүлназ ДОСТИЯРОВА,
аудандық мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің бас маманы.