Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихқа тұнған – Туған жер

Тарихқа тұнған – Туған жер

Елбасы «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге қалған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі», – деген болатын. Яғни, тілсіз ешқашан тарих болмайтыны секілді, тарихты жасайтын халық. Бұл да биліктің шешімімен, даналық негізінде айқындалып көрсетіледі.
Осы орайда, «Үміт» мүгедектер қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Қызылорда қаласының 200 жылдығы және Шиелі ауданының 90 жылдығына орай, «Тарихқа тұнған – Шиелім» атты тақырыпта мүмкіндігі шектеулі азаматтар музейге экскурсия жасады. Осы санаттағы балалардың таным түйсігін арттыру, қолдау мақсатында ауданымыздағы Ы.Жақаев атындағы күріш-өсіру тарихи» музейі мен Н.Бекежанов атындағы мемориалдық өнер музейлеріндегі мәдени ошақтың тыныс-тіршілігімен танысты. Аталмыш қордың мұрындық болуымен ерекше мұқтаждығы бар 23 бала мәдени орындарды аралау барысында айрықша әсерге бөленіп, марқайып қалды. Бұл музейге келген қонақтарға барлық жағдай жасалған. Бүгінгі таңда аталған мәдени орындар аудандағы әлеуметтік үйлермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Шараның ұйымдастырушысы А.Смайлов: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету, олардың жан жарасын жазуға тырысу біздің азаматтық борышымыз» – дейді. Әрбір азамат қолынан келгенше қамқорлық қанатына алып, жанымыздағыларға жәрдемде­сіп, игі ісімізбен жүректерге жылу сыйлау үлкен бақыт. Адам өмірінде ең алдымен ақыл-парасатына қарай бағалануы қажет. Кез келген адам қандай жағдайды басынан өткерсе де, қоғамда, жалпы, барлық ортада өзін емін-еркін ұстап, өз-өзінен еш қымсынбауы керек. Сондықтан да, қоғамдық орындарда, мәдени ошақтарда, театрларда, мейрамханаларда, ойын-сауық орындарында еркін сезінулеріне мүмкіндік туғыза білуіміз керек. Осындай игі шаралар көптеп орын алса, нұр үстіне нұр болар еді.
Жұлдызай
Қауғанбаева.
14 шілде 2018 ж. 919 0