Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашақтың бастауы

Болашақтың бастауы


20 жасқа енді қадам басқан жас қаланың бағындырған белесі бір төбе. Небір қиын-қыстаудан өтіп, әлем алдында қасқайып тұрған Астанамыз ауыз толтырып айтуға жарап тұр.
Жастардың болашағын бағдарлап, мақсатын айқындай түсетін ару қала арманымның ошағы. Астана қаласындағы ЖОО-да білім алсам деген қиялым шындыққа айналып, бүгінгі таңда ақпараттақ қорғаныс мамандығының 3-курс студентімін. Сәт сайын дамыған әсем шаһардың сымбаты, сәулеті күн санап артып келеді. Жаңашылдыққа, рухани жаңғыруға жетелеген арман қала мәңгілік мекенге айналуда.
Елбасы Н.Назарбаевтың әрбір ісі қазақ елін көркейтіп, әлем халқымен бәсекеге қабілетті дамушы ел ретінде танытуда. Білім-ғылым іздеген жас мамандардың шетелден тәжірибе алмасып, біліктілігін жетілдіруге де септігін тигізуде. Болашақта төртінші революциялық дамудың жаңа мүмкіндіктерін игеретін жастар деп сенім артқан Мемлекет басшының бастамалары мен Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары жарқын өмірге жол сілтейді. Осы орайда «Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтан тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз, міне, осындай» – деген Елбасының сөзі ойға еріксіз оралады.

Абай ТҰРҒАНБАЕВ,
Еуразия ұлттық университетінің 3-курс студенті.
10 шілде 2018 ж. 950 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 69

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031