Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Instagram қолданушыларының саны миллиардқа жетті

Instagram қолданушыларының саны миллиардқа жетті




Ұзақтығы 1 сағатқа дейін тігінен түсірілген видеоларды көруге, жариялауға мүмкіндік берген IGTV қосымшасының қолданысқа ұсынылғанына аз ғана уақыт өтті.

Осыған қарамастан желі қолданушылары бұл функцияны бірден меңгеріп, видео тарату барысында белсенді қолданып кетті. Қосымша Android және iOS операциялық жүйелерінде қатар жұмыс істеп тұр. Осы функцияның да әсері болса керек, Instagram қолданушыларының саны милиардқа жеткен. Бұл туралы әлеуметтік желінің 20 маусым күні таратылған ресми хабарламасында айтылды.

«Instagram миллиард адамға арналған ірі ұйымға айналып отыр! 2010 жылы іске қосылған уақыттан бастап оның қалай өсіп, өркендейтінін жіті бақыладық. Сіздерге көп рақмет! Бұл біз үшін үлкен жетістік болып отыр», - делінген хабарламада. Осылайша, әлеуметтік желінің төресі атанған Instagram ең көп қолданылатын желіге айналды.
06 шілде 2018 ж. 979 0