Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ләйлә Сұлтанқызы дәрісіз-ақ сымбатты болудың сырымен бөлісті

Ләйлә Сұлтанқызы дәрісіз-ақ сымбатты болудың сырымен бөлісті

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қыз-келіншектерге дәрі-дәрмексіз сымбатты болудың жолын ұсынды. Еліміздің сұлу әйелдерінің бірі жарнамадағы ұсынылған дәрілерді қабылдамауға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл жайында Сұлтанқызы Instagram желісінде бөлісті. Ол спортпен айналысып, дұрыс тамақтану арқылы тек қана сымбатты қалпына келтіріп қана қоймай, ағзаны да сауықтыруға болатынын айтты. Тележүргізушінің бүйрегі сыр беріп, ол спорт залына амалсыздан жазылған екен.
"Осы жылдың басында спортқа ден қойып, аптасына бірнеше рет жеке тренермен үзбей шыныға бастадым. Кәдімгідей жылайтынмын басында, шамам келмей, шаршап та қалатынмын. Жаттығу залынан шыққанда, енді есігін ашпаймын деп кетем. Бірақ бүйрегімді ойлап қайта айналып келем.
Содан, жылап-сықтап жүргенде төрт ай өтті де шықты. Өткен аптада бүйрегімді тексерттім. Қуанғанымды көрсеңіздер ғой, оң бүйрегімнің жағдайы біраз жақсарған. Айтпағым спортқа сыртқы қалыбымыз ғана емес, ішкі мүшелеріміз де мұқтаж.
Ешқандай тағамға қосатын қоспалар не дәрі сізді аздыра алмайды. Болған болса, әсері уақытша болуы мүмкін. Ешқандай да жарнамаға сенбеңіздер", - деді Сұлтанызы.
Ал желі қолданушылары өздерінің тамақтану әдісі мен сымбатын сақтаудың қандай жолдарын пайдаланатыны айтып, түрлі кеңесімен бөлісті.
17 мамыр 2018 ж. 1 285 0