Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Семіп қалған бүйректі қауын дәнімен қалпына келтірген

Семіп қалған бүйректі қауын дәнімен қалпына келтірген


Білген адамға халық емінің көмегі көп қой. Осындай керемет бір тәсілдің арқасында бүйректі семіп қалудан аман алып қалған оқиғаға мен өзім куә болғанмын.
Туысқан інімнің бүйрегі ұзақ уақыт ауырып, УЗИ-ге түскенде дәрігерлер оның біреуінің семіп бара жатқанын айтқан. Ініме бір бүйректі алып тастау қаупі туып, уайымдап жүргенде келініміз облыстық аурухананың кезе­гінде тұрып, бір ұлты басқа әжейден осы емді естиді. Ақшаның қат кезі, келін үйге келе сала бір қасық қауынның дәнін (бізде «шопағы» деп айтады) баяу отқа 5-10 минут қайнатып, інім оны аш қарынға жылылай күйде ішеді. Бұл дәрінің ішті өткізетін де әсері бар. Дегенмен одан қорықпау керек.
Інім бір-екі айдан кейін қайтадан УЗИ-ге барса, ондағы дәрігерлер бүйректің қайта қалыпқа келе бастағанын көріп, қайран қалыпты. Қазір ол інім құрылыста, сосын қосымша табыс үшін қарауыл болып жұмыс істеп, шапқылап жүр. Бірақ, бір айыбы, бұл емді қанша күн қабылдау керектігін анықтамаппын.
А.САҚТАҒАН.
26 маусым 2018 ж. 2 614 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031