Күй төгіліп, сыр шертті
Жуырда аудандық орталық кітапханада «Жастар ресурстық орталық» КММ және орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жастар арасында насихаттау мақсатында, күй өнерінің ақтаңгері бірнеше мәрте республикалық, халықаралық күй фестивальдерінің жеңімпазы Әділбек Ташимовпен кездесу өтті.
Киелі Шиелі өлкесін күйімен тербеп, Нартайдың ізбасары атанған Ә.Ахметханұлы 2007 жылдан бері «Отырар сазы» мемлекеттік Нұрғиса Тілендиев атындағы оркестрдің әртісі болып жұмыс жасап келеді. Сондай-ақ, 2012 жылдан бастап ұстаздық етіп, Республикалық «Көкіл» мектебінде дәріс беріп, шәкірт тәрбиелеумен айналысып келеді. Түрлі байқаулардың жеңімпазы атанып, абыройымызды асқақтатып жүргені де жасырын емес. Аудан жастары бас қосқан кездесуде күйшінің жеткен жетістіктері, өмір жолы, күйшілік өнердің шығу тарихы, кейіпкердің өмірдегі ұстазы туралы әңгіме өрбіді. Өнер адамының өнеріне тамсанып, қара домбыраның күмбірлеген үнінен рухани азық жинаған жастар көкейдегі сауалдарын қойып, біршама дүниеге қанықты. Келелі кездесуде Әділбек туған жеріне өзінің айқын мақсатпен келгенін айтып, Шиелі аудандық мәдениет үйі жанынан үлкен оркестр құру жоспары барын да жасырмады.
Шара соңына қарай күйші Әділбек Ахметханұлына құрмет көрсетіліп, иығына шапан жабылып, кітаптар сыйға берілді. Алға қойған мақсаты мен жоспары айқын өнерпаздың әрбір ісіне сәттілік тіледі.
Гүлнәр ӘБДІХАНИҚЫЗЫ.