Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер тапшылығын жоюда көпсалалы ЖОО-лардың көмегі бар ма

Дәрігерлер тапшылығын жоюда көпсалалы ЖОО-лардың көмегі бар ма

ÐÓÑÑгеÑÐ»ÐµÑ ÑапÑÑлÑÒÑн жоÑда көпÑÐ°Ð»Ð°Ð»Ñ ÐÐÐ-лаÑдÑÒ£ ÐºÓ©Ð¼ÐµÐ³Ñ Ð±Ð°Ñ Ð¼Ð° ҚазАқпарат - Қазақстанда медициналық кадрлардың жетіспейтіні ешкімге құпия емес. Әсіресе, бұл мәселе ауылдарда өзекті. Осы түйінді шешу үшін соңғы уақытта медициналық емес, яғни көппрофильді университеттерді медициналық мамандықтар ашыла бастады. Десе де, «Ақ жол» партиясының депутаттары бұл қадамның аса сәтті емес екенін алға тартады. Ал Денсаулық сақтау министрлігі кадрлар тапшылығын шешуде бірден-бір қадам осы деп біледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұған дейін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаттары көпсалалы (қарапайым, яғни медициналық емес) университеттердің ішінде медициналық факультеттердің ашылуына қарсылық білдірген болатын. Олардың пайымдауынша, бұл қадам медициналық кадрлардың жұмыс сапасына кері әсерін тигізеді. Депутаттардың айтуынша, қарапайым университеттердің медициналық бағытта интеграциялануы көптеген сұрақтарды туындатып отыр. Осы пайымды алған тартқан депутаттар ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа депутаттық сауал жолдаған болатын. Мәжілісмендердің сауалына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой жауап берді. Оның жауабына құлақ ассақ, қазіргі таңда Қазақстанда денсаулық сақтау саласында 72,1 мың дәрігер мен 175,2 мың орташа медициналық қызметкер (ОМҚ) еңбек етеді. Олардың ішінде 11,8 мың дәрігер мен 46,5 мың ОМҚ ауылдарда жұмыс істейді. «Соңғы 5 жылда медициналық кадрларға деген қажеттіліктің 32 пайызға азайғанына қарамастан, денсаулық саласында әлі де кадр жетіспеушілігі мәселесі жоқ емес. 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жетіспеушілік бағытында бос тұрған 2840 штаттық бірлік бар», - дейді ол жауабында. Вице-министр келтірген дерекке сәйкес, кадрлардың қажеттілігі мәселесін біржақты ету үшін қазіргі таңда елімізде медициналық мамандықтар бойынша лицензиясы бар 5 мемлекеттік ЖОО-да - С.Д. Асфендияров атындаы Қазақ ұлттық медициналық университет, Астана медициналық университеті, Қарағанды Мемлекеттік медициналық университеті, Семей қаласындағы Мемлекеттік медициналық университет және Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медициналық университетінде студенттер оқытылуда. Олармен бірге екі мемлекеттік емес ЖОО (Қазақстан-Ресей медициналық университеті мен Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы), көппрофильді білім беру ұйымының құрамындағы 4 факультет те (А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Болашақ» академиясы, Каспий қоғамдық университеті) жоғары білімді кадрлардың қажеттілігін қамтамасыз етуде.  «2018-2019 оқу жылында медициналық мамандықтар бойынша жоғары білімді мамандарды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысында 2700 орын қарастырылған. Олардың 2500-і клиникалық мамандықтарға (жалпы медицина, стоматология, педиатрия) және 200 орын клиникалық емес (фармация, қоғамдық денсаулық сақтау, медбикелік) мамандықтарға бөлінбек. Сонымен бірге, орташа есеппен жыл сайын медициналық мамандықтарға үміткерлердің саны 15 мыңнан 20 мыңға дейін барады», - дейді ол. Алексей Цойдың жауабына сенсек, медициналық ЖОО-ларға қабылдау анализі көрсетіп отырғандай, медициналық мамандықтар бойынша конкурс жыл сайын қалыптан төмендеген емес. 2017 жылы конкурстың қорытындысы бойынша ең жоғары шекті бал медициналық мамандықтар бойынша мынадай болған: стоматология - 131 бал, фармация - 130 бал, қоғамдық денсаулық сақтау - 129 бал, жалпы медицина - 128 бал, педиатрия - 126 бал. «Осыған тұспа-тұс медициналық ЖОО-лардың қазіргі материалдық-техникалық базасы (жатақханадағы орыны, оқу әдебиеті және тағы басқа) оқып жатқан студенттердің толыққанды оқу және клиникалық даярлығын жүзеге асыруға жеткіліксіз болып отыр. Сәйкесінше, бұл жағдай ұсынылған білім беру қызметінің сапасын төмендетіп, білім беру лицензиясына қойылған талаптың сай еместігін көрсетеді. Осыған байланысты өзге көппрофильді университеттерде медициналық факультеттердің ашылуы медициналық кадрларды даярлау үшін қажетті шарттарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл қадам тәртіпаралық өзара қарым-қатынасты және IT-техник, IT- генетик секілді жаңа мамандықтарға ашуға жол ашады. Бұған қоса бұл бағыттағы жұмыс әсіресе аймақтардағы кадр жетіспеушілігі мәселесін шешетін болады», - дейді Алексей Цой. ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру саласының жауапты органы ретінде өзге салалармен бірге денсаулық сақтау саласында лицензия беретін ведомство болып табылады. Білім беру ұйымдарына лицензия беру ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың 17 маусымындағы № 391 бұйрығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. «Қазіргі нормативтік базаға сәйкес, кез келген көппрофильді ЖОО аталған талаптарға сай болған жағдайда медициналық кадрларды даярлау мүмкіндігіне ие болады. Құрамына медициналық мамандықтар енетін көппрофильді университеттердің қатарында «Назарбаев Университетін», А.Яссуи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Болашақ» академиясын, Каспий қоғамдық университетін атап өтуге болады. Сонымен қатар, «жалпы медицина» мамандығында сабақ беру лицензиясына Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ие болып отыр», - дейді Алексей Цой мәжілісмендердің сауалына.  
17 маусым 2018 ж. 1 273 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930