Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨТКЕН КҮНДЕР СӨЙЛЕЙДІ

ӨТКЕН КҮНДЕР СӨЙЛЕЙДІ

Мал азығының берік қорын жасау жолында жарысқа қатысқан «Авангард» колхозының еңбеккерлері жоспарда көрсетілген 9 мың тонна шөпті 9 мың 10 тонна етіп артығымен орындаған.
№44, бейсенбі, 8 август, 1963 жыл.
***
Осы жылы аудан орталығынан екі қабатты еңселі мәдениет үйінің негізгі залы пайдалануға берілді. Балконы бар көрушілер залы 560 адамға арналған.
№73, сейсенбі, 15 октябрь, 1963 жыл.
***
Ұлы Октябрь мерекесі құрметіндегі социалистік жарысты өрістете отырып,  «Төңкеріс» колхозының еңбеккерлері 16 октябрь күні Отан қоймасына 11 мың 445 центнер дән құйды. Мемлекетке астық тапсыру жоспарын толық орындап шықты.
№75, сенбі, 19 октябрь, 1963 жыл.
***
Қызылтулықтар бұл жылы мемлекет қоймасына 18013 центнер астық құйды. Көп өнім алуға еңбектері сіңген Заһира Ержанова, Нәрзілда Жүсіпов, Қойшыбай Оразымбетов, Батырхан Қалышевтың еңбектерінің арқасында «Колхоз шамшырақтары» атанды.
№77, бейсенбі, 24 октябрь, 1963 жыл.
***
1962 жылы ауданда 31925 ірі қара, 7963 жылқы, 142880 қой, 2110 шошқа, 17280 құс бар болатын. 1963-жылы 1 октябрьге дейін колхоз, совхоздардағы ірі қара – 34913, жылқы – 8198, қой – 517415, шошқа – 2340, құс – 39882 болды.
№80, бейсенбі, 31 октябрь, 1963 жыл.
***
Биыл (1963) 1962 жылмен салыстырғанда күріш егісінің көлемі 1427 гектарға, онан алынған өнім гектарына 3,7 центнерге артты. Сондай-ақ, гектарына дәндей жүгері 8,4, сүрлем 37,6 центнер көбейді.
Осы жылы (1962) 121000 центнер астық тапсырылса, өткізілгені 145719 центнер болды.
 №80, бейсенбі, 31 октябрь, 1963 жыл.
***
Сыр саңлағы Ыбырай Жақаев соңғы 20 жыл бойы ерлікпен еңбек етіп, звеносына бекітіліп берілген күріштің гектарынан 70-80 центнерден өнім алып келді. Атақты диқан гектар сайын 78 центнерден өнім жинап, биік белеске шықты.
№97, бейсенбі, 12 декабрь, 1963 жыл.
16 маусым 2018 ж. 1 543 0