Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылшаруашылық өндірісіне ІТ-технологиялар енгізілуі мүмкін

Ауылшаруашылық өндірісіне ІТ-технологиялар енгізілуі мүмкін

Алматыда Парламент Мәжілісі аграрлық комитетінің көшпелі отырысы өтті. Депутаттар Қазақ ұлттық аграрлық университетінде болып, Агроөнеркәсіптік кешен саласына білікті маман даярлау және ауылшаруашылық өндірісіне ІТ-технологияларды енгізу жұмыстарымен танысты. Университетте еліміздегі топырақ құнарлығы мен жайылымдық жерлердің жағдайын бақылайтын инновациялық орталық жұмыс істейді. Мұнда әуегеодезиялық технология арқасында егін және мал шаруашылығына қажет жерлердегі табиғи өзгерістер, су тасқыны жайындағы болжамдар жасауға болады. Сонымен қатар депутаттар Қазақстан – Жапония инновациялық орталығының жұмысымен танысты. Оқу орнында соңғы жылдары ашылған осындай инновациялық орталықтарда студенттер теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік жасалған. Депутаттар аймақтардағы агроөнеркәсіп секторын дамытуда және жастарды ауылдық жерлерге жұмысқа тартуға «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламаларының және біріккен кооператив құрудың маңызын атап өтті. Сапархан Омаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Осыдан екі жыл бұрын кооперативтер құру жөнінде заң қабылданған. Сол заңдар жұмыс істеген күндері ауылдық жерлердегі халық саны көбейетін болады деп ойлаймын.

24.kz
12 маусым 2018 ж. 650 0