Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САХНА ТӨРІНДЕГІ ТАҒЫЛЫМ

САХНА ТӨРІНДЕГІ ТАҒЫЛЫМ

Сұлутөбе ауылдық мәдениет үйінің және кәсіпорынға қарасты «Жаназар батыр», «1 Мамыр» ауылдық клубтарының ұйымдастыруымен өткен көрнекті жазушы, драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың 80 жасқа толу мерейтойына орай, «Сахна төріндегі тағылым» атты драма үйірмелерінің облыстық байқауы өтті.
Байқауға облыстың әр өңірінен келген драма үйірмелерінің қатысушылары өз өнерлерін ортаға салып, сахналық қойылымдар арқылы көрерменге ерекше әсер сыйлады. Қатысушылар жазушы-драматургтің шығармаларынан үзінділер қойып, кейіпкерлердің болмысын шынайы сомдап, актерлік шеберліктерін көрсетті.
Өнер додасы барысында қатысушылардың сахна мәдениеті, рөлді сомдау шеберлігі, шығармашылық ізденісі мен қойылымның көркемдік деңгейі бағаланды. Облыстық байқау жоғары дәрежеде өтіп, нәтижесінде Жаңақорған ауданы, «Жаңақорған халық театры» жетекшісі Тоқтар Әжімұратов бас жүлде еншілесе, І орынды Қызылорда қаласы, Тасбөгет кентіндегі Сәбира Майқанова атындағы мәдениет үйі «Арман» инклюзивті театр үйірмесі алды, жетекшісі – Талғат Тілеубаев.
Ал ІІ орын Сырдария ауданы, Асқар Тоқмағанбетов ауылының «Сырлы сахна» драма үйірмесіне бұйырды, жетекшісі – Әділ Ахметов. ІІІ орынға Сұлутөбе ауылдық мәдениет үйі «Самғау» драма үйірмесі, жетекшісі – Ақмарал Серікбайқызы және Қызылжармалық «Ошаған» әзіл сықақ отауы, жетекшісі – Гүлмира Үрмашова иеленіп, бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
Тағылымы мол шара жас өнерпаздарға шабыт беріп, театр өнерінің өрісін кеңейтуге бағытталған маңызды мәдени іс-шара болды.
Сахна – өнердің айнасы, ал өнер – ұрпаққа өнеге. Драматургтің мерейлі мерейтойы рес­публика деңгейінде кеңінен тойланып, біздің жерлесіміздің торқалы тойын атап өтуге шақырту алғандар, қараша айының соңында Алматы қаласы, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында өнер көрсетеді.

Мақпал Жусанбаева,
1 Мамыр ауылы
24 қараша 2026 ж. 14 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9456)

24 қараша 2026 ж.

№88 (9455).

21 қараша 2026 ж.

№87 (9454)

17 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30