Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Тоқаев қабылдаған "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң"  дегеніміз не?2026 жылғы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында әлемде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді әрекет» атты жаһандық акция өтуде. Науқанның негізгі мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және зорлық-зомбылықсыз қоғам қалыптастыру.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық физикалық күш көрсету, психологиялық қысым жасау, жыныстық қол сұғу және экономикалық шектеу түрінде көрініс табады. Мұндай әрекеттер отбасының берекесін ғана емес, адам өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіреді.
Шиелі аудандық полиция бөлімі отбасындағы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда дер кезінде көмекке жүгінудің маңызы зор екенін үнемі еске салып келеді. Егер азамат өзіне қатысты қысым немесе қауіп-қатер сезінсе, полицияға хабарласып, тиісті шаралардың қабылдануын талап ете алады. Құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда полиция қызметкерлері профилактикалық әңгіме жүргізіп, заңда көзделген қорғау шараларын қолданады.
Отбасындағы зорлық-зомбылықты үнсіздікпен бүркемелеу мәселені шешпейді. Керісінше, дер кезінде әрекет ету қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік береді. Әр адамның қауіпсіз өмір сүруге құқығы бар.
Зорлық-зомбылыққа көз жұмуға болмайды. Қауіп төнсе, құқық қорғау органдарына жүгініңіз!

Фарида Қуандыкова,
Шиелі аудандық полиция бөлімінің отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы,
полиция майоры
24 қараша 2026 ж. 15 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9456)

24 қараша 2026 ж.

№88 (9455).

21 қараша 2026 ж.

№87 (9454)

17 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30