Qazaq Air мен China Express Airlines арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары барысында өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында Qazaq Air әуекомпаниясының Басқарма төрағасы Блэр Трехерн Поллок пен China Express Airlines Co., Ltd. Басқарма төрағасы Лунцзян Ву арасында халықаралық аймақтық жолаушылар тасымалдауды дамыту туралы стратегиялық ынтымақтастық сұрақтарында түсіністік орнату жөнінде Меморандумға қол қойылды. China Express Airlines-тың Qazaq Air-ді жекешелендіруге қатысу мүмкіндігі туралы келіссөз жүргізілді. «Қол қойылған Меморандум шеңберінде екі аймақтық әуекомпания трансшекаралық жолаушылар легімен алмасып, біздің компаниямыздың дамуына септігін тигізетін China Express Airlines тарапынан тікелей қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылды», – деп атап кетті Qazaq Air әуекомпаниясының Басқарма төрағасы Блэр Трехерн Поллок. Сонымен қатар Меморандум қазақстандық әуе тасымалдаушыға Қытайдың аймақтық жолаушылар легімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретініне кәміл сенеді. Лунцзян Ву «Бір белбеу, бір жол» атты қазақ-қытай аймақтық ынтымақтастық бастамасы аясында қол қойылған құжаттың маңыздылығын ерекше атап өтті. Qazaq Air мен China Express Airlines серіктестігі, сауда-экономикалық ара-қатынастың күшеуіне септігін тігізіп, көршілес елдердің ынтықтастығын кеңейте түсетінін атап кетті.
24.kz
24.kz