Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Рухани жаңғыру – мәңгілік ел дамуының кепілі

Рухани жаңғыру – мәңгілік ел дамуының кепілі

Қазіргі жаһандану заманында әрбір ұлттың өзінің ұлттық рухани болмысын іздеуі – заңдылық. Ұлттық сана сілкінісін тудырар Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – келешекке айқын бағыт сілтейтін құнды құжат.
Бағдарлама аясында Шиелі ауданында 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 36 жоба жүзеге асырылды. Соның бірі – «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы аясында жалпыұлттық маңызға ие болған нысандар қатарында Оқшы Ата кесенесі енгізілген. Оқшы ата кесенесі – көне заманнан бері келе жатқан тарихи құндылықтардың бірі. Көлемі жағынан шағын. Архитектурасы ІX-X ғасырдан бас­талады.
Жеті әулие жатқан киелі мекенде атағы қалың елге мәшһүр болған шешен, датқа Досбол би кесенесі қайта жаңғырудан өтіп, «Оқшы ата» мазаратына автокөлікпен Бәйгеқұм ауылы арқылы баратын жол салу және автотұрақты қайта жаңғыртудан өткізіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, «Сауысқандық» шатқа­лын игеру жұмыстары атқарылуда. «Сауысқан­дық» шатқалы «Шиелі-Тайқоңыр» техноло­гиялық автомобиль жолы бойынан 800 метр қашықтықта орналасқан. Бәйгеқұм елді мекеніндегі «Ханқожа» көлін жазғы демалыс жағажайы ретінде туризм саласы маршруттарына қосуға ұсыныс жасалды.
Сонымен бірге, ауданымыздағы «Қара­тау» бөктеріндегі (Дарбаза, Егеулі әулие, Қос көл, Майшы, Сауысқандық, Қара шоқы, Қызыл жар, Күркіреуік, Жылауық тас, Ақ бұлақ және тағы басқа) белгіленген демалыс орындарының нақты санын анықтап, картасын жасау жұмыстары жүргізілуде.
Өңірлік мәні басым «Тәрбие және ғылым». «Рухани қазына», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары негізінде дайындалған «Жол картасына» сәйкес 12 жоба жүзеге асырылды.

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша

«Туған өлке», «Табиғат – алтын бесік» тақырыптарында сурет салудан аудандық байқау, «Таза көше», «Таза ауыл» жобалары аясында «Тазалықты жаны сүйер жастармыз!» атты шаралар өткізілді. «Жасыл ел» жастар ұйымы арқылы көркейту-көгалдандыру бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылуда.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академия­сы «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті «Сәндік қолданбалы өнер» кафедрасының профессоры, Суретшілер одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері Әбілқасым Сәрсенбаевтың «Тамыры терең туған жер» атты жеке шығарма­шылық көрмесі Шиелі халқының назарына ұсынылды.
Салтын сақтап, дәстүрін дәріптеген қазақ халқы рухани діңгегін ежелгі дәуірден бас­тау алған жыр-дастандардан үзген емес.
Ауданда Нартай өнер мектебі ашылып, жыршы Құрманбек Бекпейісов жетекшілік жасайды. Қазақ халқының рухани, мәдени, тарихи құндылығына бағаланатын дәстүрлі «Жыр керуені» жыршы-термешілердің облыстық фестивалі өткізілді. Әзіл-сықақ театрларының «Мейірманның ізбасарлары» Республикалық байқауы жылма-жыл ұйымдастырылады.
«Уақыт. Тұлға және бүгінгі бәсекелестік» атты облыстық тарихи-танымдық шарада Шиелі ауданынан жасақталған топ «Табысқа жеткен тұлғалар» атты жоба қорғап, «Ең үздік командалық топ» бағамымен марапатталды.
«Мен қазақпын» Республикалық мега-жобасының аудандық кезеңі ұйымдасты­рылып, танымал өнерпаздар қатысты.
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» базалық бағыты аясында өз елінің, туған жерінің тарихына, мәдениетіне, дәстүрі­не, мәдени мұрасына ден қойып, түрлі форматтағы ізденіс жұмыстары жүргізілуде. Білім ұйымдарында «30 кітап» жобасы іске асырылып келеді. Сондай-ақ, туған аймақ, алтын ұя мектеп туралы базалық қор жинақтау мақсатында «Менің мектебімнің тарихы» атты бейнероликтер шеруі өткізілді.
Қазіргі таңда 5 түлек Ресей Федерация­сы Үкіметінің бюджеті есебінен Мәскеу мен Санкт-Петербургтың беделді жоғары оқу орындарында инженерлік білім алуда. 2018 жылы алғашқы түлек Бауыржанұлы Сұлтанхан оқуды бітіріп, туған жерге келіп еңбек етеді. Әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан білімді жас­тарды қолдау мақсатында бөлінетін Облыс әкімінің грантымен жыл сайын 19 түлек білім алуда. Аталған жоба 2013 жылы бастау алған, негізінен облыс аумағына қажетті мамандық­тар бойынша гранттар беріледі.
Отбасылық құндылықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылатын «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсында 2017 жылы Исламхановтар отбасы үздік деп танылса, 2018 жылы Ишанқұловтар отбасы жеңімпаз, Ахметовтер отбасы «Мәуелі бәйтерек», Есімсейітовтер отбасы «Өнерлі отбасы» бағамдарымен мадақталды.
Ауданда «Жас Ұлан» және «Достар әлемі» еріктілер жасағы құрылып, жалғыз басты қарттарға «Қамқорлық» акциялары ұйымдастырылып келеді. Еріктілер жасағымен 140-қа жуық отбасына, 114 мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетілді.
Ауданда сыбайлас жемқорлық сипатын­дағы құқық бұзушылыққа қарсы жаңа жоба «Адал ұрпақ» ерікті жастар клубы құрылып, жұмысын жүйелі жүргізіп келеді.

«Атамекен» кіші бағдарламасы
бойынша

«Атамекен» кіші бағдарламасы екі негізгі «Әлеуметтік бастамалар картасы» және «Жомарт жүрек» базалық бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Шиелі ауданында өңірден түлеп ұшқан, әр салада табысқа жетіп, халықтың ықыласына бөленген азаматтардың қатысуымен «Туған жерге тағзым» акциясы 2017 жылы бастау алған болатын.
Акция аясында ауданымызда бірқатар тағы­лым­ды шаралар ұйымдастырылып, Академик Асқар Жұмаділдаев, Ресей Федерация­сы денсаулық сақтау Министрлігінің стамотология орталығының профессоры, медицина ғылым­да­рының докторы Малкан Амхадова, тарих ғылымдарының докторы, профессор Айжамал Құдайбергенова, филология ғылымдарының докторы, профессор Анаргүл Салқынбаева, Ұлттық Қауіп­­сіздік Комитетінің генералы Олег Бижа­­нов, Генерал-лейтенант Құрбан Қара­­жа­­нов, жазушы-публицист Абдолла Дәулетов, «Айқын» газетінің редакторы Нұртөре Жүсіп, айтыскер ақын Мейір­бек Сұлтанхан туған жерде болып, 90 жылдық тарихы бар Шиелінің абыройын асқақтатты.
Ауданда кәсіпкерлікпен айналысып жүрген азаматтар мен аудан әкімдігі арасында өзара әріптестік туралы меморандум жасалып, «Туған жер» жобасы жүзеге асырыла бастады. Нәтижесінде меценаттар есебінен әлеуметтік нысандар бой көтеріп, 1 млрд. 750 млн. теңгеден астам қаржы тартылды.
Мемлекеттік және жекешелік әріптестік аясында Шиелі ауданында 5 спорт кешені, 2 медициналық дәрігерлік нысан және 2 жабық бассейн салынуда. Өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру бағытында индус­триялық-инновациялық даму бағдарламасымен ауданда 2 жоба жүзеге асырылуда.
Біріншісі, «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС жобалық құны 64 млрд. теңгені құрайтын жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығару
зауыты. Екіншісі, «Фирма Балау­са» ЖШС-нің Балауса Сауысқандық кен орын­дағы кварцитті ванадий өңдеу және өндіру зауыты. Қазіргі таңда кәсіпорында 150 адам жұмыспен қамтылған. Аталған кен орнын «Қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» жобасына сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін 4,5 млрд. теңгеге қаржыландыру жоспарланып, қосымша 110 адамға жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жалпы, 2018 жылы 1005 жаңа орындарын құру жоспарланып, есепті мерзімде 398 жаңа жұмыс орны және 191 жеке кәсіпкер, 19 заңды тұлға, 3 шаруа қожалығы тіркеліп, барлығы 611 жаңа жұмыс орны ашылды немесе жылдық жоспар 60,8 пайызға орындалды. «Асылхан» шаруа қожалығының тәулігіне 1 тонна сүт өнімдерін шығаратын шағын цехы, мал сою алаңы іске қосылды. «Аруана» шұбат цехы мамыр айынан бастап түйе сүтінен балмұздақ шығару жобасын жүзеге асыруда.
А.Әбдіқадырова Отандық өндіріспен айналысуды мақсат етіп, нан өнімдерін өндіретін кондитер цехын ашты. Одан бөлек құрылыс заттарын сататын дүкені мен пластик есік-терезе жасау цехы халыққа қызмет көрсетуде. Мектепке дейінгі балалар тəрбиесімен айналысуды мақсат еткен іскер жан 50 балаға арналған жеке балабақша ашты. Қазіргі таңда 20 адамды тұрақты, 15 адамды маусымдық жұмыспен қамтып отыр.
«Ақмая» шаруа қожалығының төрағасы Д.Жұмбеков Ақмая ауылының жастарына өзінің қаражатымен 70 (жетпіс) миллион теңге көлемінде спорт кешенін тұрғызып, пайдалануға берді. Б.Әшірбеков мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында амбулатория соғып берсе, Бегман Қауас жабық бассейн құрылысын бастады. Е.Машрапин Жуантөбе ауылының жастарына өзінің қаражатымен 42 (қырық екі) миллион теңге көлемінде спорт кешенін тұрғызып, пайдалануға берді. Белгілі қаламгер, «Айқын» газетінің редакторы Н.Жүсіп жергілікті журналистерді тағылымдамадан өткізуді қолға алуда. Аудандық мәслихат депутаты, «Cемізбай-U» ЖШС «Иіркөл» филиалы директоры М.Салқынбаев аудан халқы демалатын демалыс саябағын салып берді. Археолог М.Елеуов тарихи жәдігерлерді Шиелі аудандық тарихи өлкетану музейіне өткізіп, музей қорының толығуына ықпал етті. «Төңкеріс-К» шаруа қожалығының төрағасы Б.Көпеевтің демеушілігімен Төңкеріс ауыл­ында спорт кешені салынып жатыр.
Жобалық құны 9 млн. 400 мың теңге болатын медициналық пункттер Тартоғай ауылдық округіне қарасты 2-ші ферма және Ортақшыл ауылдық округіне қарасты Қызылқайың елді мекендерінен халық игілігіне берілсе, жергілікті азаматтардың демеушілігімен Жөлек, Бестам, Тұрсынбай датқа ауылдарында спорт кешендері салыну жоспарланған.
Сонымен қатар, физика-математика ғылым­дары­ның докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев «Шиелі ауданы бойынша мұғалімдер мен оқушыларға математика пәнінен жылына 2 рет семинар тренинг өткізу» жобасы бойынша, жеке кәсіпкер Ж.Жаниязова «Шиелі кентіндегі «Кids park» балаларға арналған ойын орталығында мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін қызмет көрсетуді жүзеге асыру» жобасы бойынша жұмыс жасауда.
Сонымен бірге, жеке кәсіпкерлер есебінен Шиелі кентінен 6 сквер салу жоспарланған.
«Туған жерге тарту» тақырыбында жаңа форматта меценаттармен аудан тұрғындарының кездесуі өткізілді. Шарада өз кәсібінен несібе тауып, туған жерін түлетуге серпін берген, жомарт жүрек, елдік ұстанымын кейінгі ұрпаққа үлгі қылып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды.
«Мектепке тағзым» акциясы ұйымдастырылып, сенат депутаты Мұрат Мұхамедұлы, ғалым-педа­гог Маржан Пірімбетова, суретші, қолөнер шебері Сәуле Бапанова, тарих ғылымдарының докторы Дастан Сәтпай, журналист, зерттеуші Қаршыға Есімсейітова туған жерде болып, жұртшылықпен кездесті.
«Тұлғатану» жобасы аясында мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Шахмардан Есеновтің 90 жылдық мерейтойы аясында ғылыми конференция, республикалық ақындар айтысы өткізіліп, мектептен бюсті мен мұражайы ашылды.
Филология ғылымдарының докторы, ғалым Алма Қыраубаеваның 70 жылдық мерейтойына орай Бірінші мамыр ауылындағы Алма Қыраубаева атындағы №40 мектепте ғалым бюсті ашылып, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Үстіміздегі жылы филология ғылымдарының докторы, жазушы Мырзабек Дүйсеновтің 90 жылдық мерейтойы облыс көлемінде аталып өтпек.
Жөлек ауылдық округінде «Тағылымы мол тарихи өлке» атты ғылыми-танымдық конференция өткізілді. Жөлек елді мекенінің тарихы, ауылдан шыққан азаматтары туралы Бегімтай Сатаевтың «Сырдың сырлы Жөлегі» жинағының тұсаукесері болып өтті.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сұлтанәлі Балғабаевпен, облыстың бас ақыны атанған Махамбетқали Тұрсановпен, Әлшекей күйшінің күйлерін насихаттаушы, өнер ардагері Тынысбек Дүйсебековпен, Қорқыт Ата мұраларын зерттеуші, насихаттаушы Рсалды Қалымбетовамен аудан жастарының кездесулері өткізілді.
Жаназар батыр, Тұрсынбай Датқа есімдері ауылдық елді-мекендерге беріліп, көше, жерсу аттары Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, Еңбек Ерлеріне берілуде.
Оқшы ата, Қорқыт ата кесенелеріне, этноауылға, Сығанақ, Сауран қалашықтарына, Түркістан қаласына, Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне 100 ардагердің, 60 мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, 147 мүмкіндігі шектеулі балалардың саяхаты ұйымдастырылды. «Сыр ұланы» сауықтыру лагерінде демалған 100 бала «Қорқыт ата» мемориалдық кешені жанында ұйымдастырылған этноауылға барды.
Астана қаласына саяхат жасауға 510 балаға жергілікті бюджет есебінен 23 млн. 205 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді.
Киелі жерлерді таныстыру мен ішкі туризм­ді дамыту мақсатымен «Жастар керуені» Республи­калық жобасы аясында 1000 жастың экскурсиялық саяхатқа шығуы жоспарланған. «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясы, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мақсатында «Бәрі де балаларға!» шарасын өткізді. Барлығы 157 балаға сыйлық жасалып, мерекелік тәттілер, сусындар таратылды.

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы
бойынша

2017 жылы аудандық тарихи-өлкетану музейі ашылып, құнды кітаптарды, картиналарды, тарихи құжаттарды, материалдық мәдени заттарды ерікті түрде табыстау бойынша акциялар өткізіліп, тарихи мәліметтермен көне жәдігерлер жинақталуда. Өлкенің тарихынан сыр шертетін 1 мың 500-ге жуық экспонаттар қойылған.
Аудандық тарихи-өлкетану музейі ғимаратына қосымша құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатын­да аудандық бюджеттен 3 млн. 600 теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда жоба сметалық құжаттары әзірленуде.
Шиелі ауданының тарихи-өлкетану музейінде Қызылорда облысының тарихи-өлкетану мұражай­ы­ның көшпелі күндері (30 күн) өткізілді. Мұражайға 30 мыңға жуық келушілер тіркеліп, жаңа экспозициялармен танысты.
Өлкетану мұражайына Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» экспозициясы қойылып, оны тамашалауға 56 мың адам келді.
Ауданда «Кешегі күн – бүгінгі тарих, келешекке аманат» атты іс-шара ұйымдастырылды. Аталмыш шара аясында музей қорында жинақталған құнды экспонаттардан «Туған өңір тумалары» тақырыбында көрме қойылды. Көрмеде 30 жылдан астам уақыт сақталып келген Социалистік Еңбек Ерлерінің бюстері, халықтың ХІХ, ХХ ғасырларда тұтынған тұрмыстық заттары, зергерлік бұйымдар орналастырылды.
Жергілікті жерлердегі дауларды сотқа дейін жеткізбеу мақсатында облыстық деңгейде жаңа жоба жүзеге асырылып, Шиелі ауданында «Құқықтық қызметтер көрсету орталығы» ашылды.
Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде қазақ эстрадасында өзіндік орны бар, ақын, сазгер, әнші Әл-Фараби Бекарысұлымен «Туған жерде өркен жайсын өнерім» атты кездесу кеші өткізілді.

«Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы бойынша

Кіші бағдарлама аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енгізілген сырбойылықтарды ұлықтау, халық арасында кеңінен насихаттау шаралары кеңінен жүргізілуде.
Бағдарламаны ақпараттандыру мақсатында жергілікті баспа басылымдарда арнайы тақырып­тық айдарлар ашылып, 400-ден аса мақалалар, очерктер жарияланды. 50-ден аса телевизиялық жобалар, 100-ден аса хабарлар таратылды. Елбасы­ның мақаласы туралы ақпарат кент орталы­ғын­да және ауылдық елді-мекендерде орналасқан көрнекі құралдарда (бильборд) насихат­талған. «Рухани жаңғыру» тұғыры орнатылып, арнайы көрнекі тақта жасалған. Газет айдарлары, көрнекі үгіт-насихат құралдарында латын графикасымен жазу кеңінен жүзеге асырылып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының тарихи мәні Қазақстандықтардың рухани жаңғыруы мен туған жердің киесін ұғыну, ұлттық кодтан ажырамау болып табылады.

Ж.Баймұратова,
аудандық ішкі саясат бөлімінің
басшысы.
12 маусым 2018 ж. 6 799 0