КӘСІПОДАҚ – ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚОРҒАНЫ
Қоғамның өркендеуі экономикалық көрсеткіштермен, өндіріс көлемімен немесе материалдық игіліктердің артуымен ғана өлшенбейді. Ол – еңбек адамының қадір-қасиетіне қаншалықты мән берілетіні, құқықтары мен заңды мүдделерінің қаншалықты қорғалатыны, ертеңгі күнге деген сенімінің қаншалықты берік екендігімен өлшенеді. Осы тұрғыдан алғанда, кәсіподақтар қызметі – әлеуметтік мемлекеттің мазмұнын айқындайтын маңызды қоғамдық күштердің бірі.Кәсіподақ дегеніміз – ортақ мүддеге жұмылған еңбек адамдарының үні, олардың құқықтық қорғаны, әлеуметтік әділеттілік жолындағы ұжымдық әрекетінің көрінісі. Жеке адамның жұмыс беруші алдында көтере алмайтын мәселесін ұжым болып талқылауға, заң аясында шешім іздеуге, еңбек қатынастарында тепе-теңдік орнатуға мүмкіндік беретін де осы кәсіподақ.
Еңбек қатынастары күрделеніп, өндірістік және әлеуметтік талаптар өзгеріп отырған бүгінгі кезеңде кәсіподақтардың міндеті бұрынғыдан да арта түсті. Еңбек қауіпсіздігін сақтау, жұмыс уақыты мен демалыс тәртібінің заңдылығын қамтамасыз ету, еңбекақының уақтылы төленуіне ықпал ету, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерін қорғау, еңбек дауларының алдын алу – кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттары.
Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған ірі қоғамдық ұйымдардың бірі саналады.
Федерация қатарында екі миллионға жуық кәсіподақ мүшесінің болуы – еліміздегі еңбеккерлердің ұжымдық мүддені қорғауға деген сұранысын аңғартатын көрсеткіш. Бұл санның ішінде мыңдаған еңбек ұжымы, сан алуан мамандық иелері, өндіріс пен білім беру, денсаулық сақтау және басқа да әлеуметтік салаларда ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген азаматтардың ортақ мүддесі бар.
Тарихы терең, тағылымы мол қозғалыс
Қазақстандағы кәсіподақтық қозғалыстың тамыры өткен ғасырдың басына барып тіреледі. Тарихи деректерге сүйенсек, 1905 жылдың желтоқсанында қазіргі Қарағанды облысының аумағындағы Өспен мыс кенішінің жұмысшылары бас біріктіріп, өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ұйым құрған.

Өндіріс орындарындағы ауыр еңбек жағдайы, жұмысшылардың әлеуметтік талаптары мен әділетті еңбек қатынастарына деген ұмтылысы осындай ұйымдардың пайда болуына негіз болды. Сол кезеңдегі жұмысшылардың өзара ынтымақтастығы кейінгі кәсіподақтық қозғалыстың қалыптасуына жол ашты. Уақыт өзгерді, қоғамдық құрылымдар жаңарды, еңбек қатынастарының сипаты түрленді. Алайда еңбек адамының құқығын қорғау, оның мүддесін ортақ күш арқылы жеткізу қажеттілігі өз маңызын жоғалтқан жоқ.
Кәсіподақтар тарихындағы келесі маңызды кезеңдердің бірі – кеңестік дәуір. 1948 жылы Бүкілодақтық Орталық Кәсіподақтар Кеңесінің XIX пленумы қабылдаған шешімдер негізінде Қазақстандағы кәсіподақ ұйымдарының қызметін үйлестіретін орталық құрылым қалыптасты. Қазақ кәсіподақтар кеңесі осы жүйенің қызметін ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды.
Ал 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан кәсіподақтарының кезекті съезінде Қазақ КСР Кәсіподақтар федерациясын құру туралы декларация қабылданды. 1992 жылғы наурыздан бастап ұйым Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ретінде орнықты. Бұл кезең еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі үлкен өзгерістермен тұспа-тұс келіп, кәсіподақтардың жаңа жағдайға бейімделуіне, тәуелсіз Қазақстанның еңбек қатынастары жүйесінде өзіндік орнын қалыптастыруына негіз болды.
Тәуелсіздік жылдарында еңбек нарығының құрылымы өзгеріп, жеке кәсіпкерлік пен жаңа өндіріс орындары көбейді, еңбек қатынастарының құқықтық негіздері жетілдірілді. Мұндай жағдайда кәсіподақтардың қызметі де жаңа мазмұнға ие болды. Ендігі міндет тек еңбеккерлерді біріктірумен шектелмей, олардың құқықтарын заңнамалық тұрғыдан қорғау, әлеуметтік әріптестікті дамыту, жұмыс берушілермен келіссөз жүргізу және қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ету бағыттарымен толықты. Осылайша, ғасырдан астам тарихы бар кәсіподақтық қозғалыс қоғамның өзгерістеріне ілесе отырып, еңбек адамының мүддесін қорғауға бағытталған қызметін жалғастырып келеді.
Кәсіподақтар күні – еңбек адамына құрмет
Қазақстанда 2019 жылдан бері жыл сайын 10 қазан – Кәсіподақтар күні ретінде аталып өтеді. Әрбір саланың жетістігі сол салада тер төгіп жүрген мамандардың біліміне, тәжірибесіне, жауапкершілігіне және кәсіби адалдығына байланысты. Мұғалімнің еңбегі – ұрпақ тәрбиесі мен ел болашағына, дәрігердің еңбегі – адам өмірі мен денсаулығына, өндіріс қызметкерінің еңбегі – экономикалық өсімге қызмет етеді. Олардың әрқайсысы лайықты еңбек жағдайына, әлеуметтік қолдауға және өз құқықтарының қорғалуына мұқтаж. Сондықтан кәсіподақтар күнінің мәні – еңбек құқығы мен әлеуметтік әділеттілік ұғымдарын тағы бір мәрте алдыңғы қатарға шығаруында.

Аймақтағы бірлік пен жауапкершілік
Сыр өңірінде кәсіподақтық қозғалысының 75 жылдық тарихы бар. Осы жылдар ішінде өңірдегі кәсіподақ ұйымдары әртүрлі салада еңбек ететін азаматтардың басын біріктіріп, олардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғауға, еңбек жағдайларын жақсартуға және қоғамдық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосып келеді. Бүгінде 11 салалық кәсіподақта 994 бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Олар өңірдегі жұмыскерлердің шамамен 30 пайызын қамтып, жалпы саны 94 275 кәсіподақ мүшесін біріктіреді.

Кәсіподақ жұмысының нәтижесі қызметкердің құқығы бұзылған жағдайда қаншалықты жедел әрекет ете алуынан, әлеуметтік көмекке мұқтаж адамға қандай қолдау көрсететінінен, еңбек ұжымындағы даулы мәселелерді өршітпей шешуге қаншалықты ықпал ететінінен көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда, облыстық кәсіподақ ұйымдарының алдында еңбеккерлердің сенімін ақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және әлеуметтік қолдаудың қолжетімділігін кеңейту міндеттері тұр.
Білім саласындағы жүйелі жұмыс
Ал аудандағы кәсіподақтық қозғалыстың маңызды буындарының бірі – «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қызылорда облыстық ұйымының Шиелі аудандық кәсіподақ комитеті филиалы. Оның құрамында 66 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Бұл құрылым білім беру саласында еңбек ететін педагогтер мен өзге де қызметкерлердің ортақ мүддесін қорғауға, олардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

– Білім саласы – қоғамның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыратын, ұлттың ертеңіне негіз қалайтын стратегиялық бағыт. Сондықтан ұстаздың әлеуметтік жағдайы, кәсіби беделі, еңбек қауіпсіздігі мен құқықтық қорғалуы – білім сапасына тікелей ықпал ететін факторлар. Мұғалімге қолайлы еңбек жағдайын жасау, оның кәсіби дамуына мүмкіндік беру, заңды құқықтарының сақталуына қолдау көрсету арқылы ғана білім беру жүйесінің тұрақты дамуына жол ашуға болады.
Осы міндеттерді басшылыққа алып, еңбек қатынастары саласындағы заң талаптарының сақталуына, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек дауларының алдын алуға және туындаған мәселелерді заң аясында шешуге басымдық береміз. Кәсіподақ мүшелеріне құқықтық кеңес беру, еңбек қатынастарына қатысты мәселелерді түсіндіру, әлеуметтік әріптестікті нығайту бағытындағы жұмыстар да осы қызметтің құрамдас бөлігі болып саналады, – дейді кәсіподақ төрайымы Гүлбану Тәжбенова.
Расымен құқықтық кеңес пен түсіндіру жұмыстарының маңызы ерекше. Сонымен қатар комитеттің тағы бір жұмыс бағыты – әлеуметтік қолдау болып табылады. Жыл сайын ұйымдастырылатын «Мектепке жол», «Наурыз жылуы», «Шын жүректен – Алғыс айтамын» акциялары қоғамдағы жанашырлық пен өзара көмек мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Мұндай бастамалар арқылы әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсетіліп, балалардың жаңа оқу жылына дайындалуына, отбасылардың тұрмыстық жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік жасалады.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру да комитет жұмысының тұрақты назарындағы бағыттардың бірі. Биыл «AI-KERIM» жазғы сауықтыру лагерінде 52 бала демалған. Сонымен қатар кәсіподақ мүшелерін шипажайларда сауықтыру, денсаулықты нығайтуға арналған мүмкіндіктерді қарастыру және әлеуметтік жағдайына байланысты көмекке мұқтаж жандарды қолдау жұмыстары, сала ардагерлері де назардан тыс қалмайды.
Оған қоса жас мамандардың кәсіби және көшбасшылық қабілеттерін дамытып, қоғамдық белсенділігін арттыруға, бастамаларын қолдауға ықпал ету мақсатында кәсіподақ комитеті жанынан «Самғау» жастар кеңесі жұмыс жүргізеді.
Адам өмірі мен еңбек мүддесінің тоғысы
Аудандағы ірі кәсіподақтық қозғалыстың бірі – көпбейінді орталық аурухананың жанынан құрылған. Өз жұмысын 2018 жылдан бастаған кәсіподақ кеңесінің қазіргі уақыттағы төрайымы – Гүлзира Даулетова. Ұйым құрамында 1217 адам бар.
Аурухана кәсіподағы өз жұмысын үш негізгі бағыт бойынша ұйымдастырады. Олар – мәдени-көпшілік іс-шаралар, әлеуметтік көмек көрсету және денсаулықты сауықтыру. Бұл бағыттар медицина қызметкерлерінің кәсіби мүддесімен қатар, олардың әлеуметтік өмірін, отбасылық жағдайын және рухани қажеттіліктерін де ескеруге мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау саласында еңбек ететін мамандардың күнделікті қызметі көп жағдайда жоғары жүктемемен, уақытпен санаспай жұмыс істеумен және үлкен эмоционалдық жауапкершілікпен байланысты. Сондықтан олардың еңбегін бағалау, демалысын ұйымдастыру, ұжымдық қарым-қатынасты жақсарту және қиын жағдайда қолдау көрсету кәсіподақ қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
– Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының кәсіподақ ұйымы жыл бойы медицина қызметкерлерінің кәсіби еңбегін дәріптеуге, мерекелік көңіл күй сыйлауға және ұжымдық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырып келеді.
Кәсіподақ қызметінің маңызды ерекшеліктерінің бірі – назарда қызметкердің отбасы мен балаларының да болуы. Себебі еңбек адамының әлеуметтік әл-ауқаты отбасындағы тұрақтылықпен, балалардың жағдайымен және жақындарының амандығымен тығыз байланысты. Осы орайда «Мектепке жол» акциясы, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай мерекелік шаралар дәсүрлі түрде ұйымдастырылады. Сондай-ақ ардагерлерге құрмет көрсету де басты бағыттарымыздың бірі, – дейді комитет төрайымы.
Еңбек адамының маңдай тері бағаланып, құқығы қорғалып, отбасы әлеуметтік қолдауға ие болғанда ғана қоғамның іргесі берік болады. Ал сол берік іргетасты қалыптастыру жолында кәсіподақтардың атқарар міндеті де, көтерер жүгі де қашанда маңызды.
Кәсіподақтың басты мұраты – еңбек адамының мүддесін қорғау, оның абыройын асқақтату және әрбір адал еңбектің лайықты бағалануына ықпал ету. Бұл – тұтас қоғамның болашағына қызмет ететін жауапты миссия.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ