Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БҮГІНГІ ТОЛАҒАЙ

БҮГІНГІ ТОЛАҒАЙ

Ел жаққа құлағымыз түрік жүреді, жақсы жаңалықтарына қуанамыз. Есімі ерен еңбегімен әйгілі Бағлан Әміреұлы мерейлі 70 жасқа келіпті деген хабар елең еткізді. Бағланмен етене араласа қоймасам да, қай кезде де көрген жерде ашық көңіл, жылы шыраймен амандасатын ініміздің тұлғалы келбеті көз алдыма келді.
Бағлан жастайынан еңбекқорлығымен көзге түсті, соған лайық қошемет те көрді. Заман өзгерген тұста абдырамаған азамат ауқымды істерді батыл қолға алды және жүйесін тауып еңсере де білді. Жайқалған егін, мыңғырған түлік, кәсібі өзінің ғана емес елінің нәсібіне айналды. Жомарт «Алтын күз» тойына барған сайын үнемі Бағланның да берекелі істері, жетістіктері айрықша айтылып жатады. Істің көзін тапқан, ел ырысына айналдыра алған азаматтың осындай ширақ істеріне қалай риза, тілекші болмасқа?!
Бағлан 70-ке келіпті деген жақсы хабарға жадырап, ақын болмасам да бірер шумақ төгіле кеткені. Осы ақтарылған ақ тілегімді баспасөз арқылы жолдай отырып, Бағлан Әміреұлына алдағы кезде де толағай табыс, деніне саулық, отбасына амандық, мақсаттарына жете беруіне ағалық тілектестігімді білдіремін.

БАҒЛАНҒА
Жетпіске келді, міне, ер Бағлан,
Шыңдалған еңбекпен ерен тарлан.
Құтты болсын айтамыз азаматқа,
Атқарған істеріне болып қайран.

Сыр елі саңлақтармен болған даңқты,
Сүйсінтіп жетістікпен бар халықты.
Бұл күнде атандың сен ел ағасы,
Бағланды кім білмейді ісі шабытты.

Жетпіс жас ер деңгейі кемелденген,
Ерлікпен астың талай белеңдерден.
Жасай бер, жасампазым, ер Бағлан,
Артық не бар қошеметке бөленгеннен!

Ақайдар ЫСЫМҰЛЫ,
Қазақстан мәдениет қайраткері,

АСТАНА
15 қыркүйек 2026 ж. 29 0

Қоғам

ЖЕР-АНАНЫҢ ЖАҢА СЫЙЫ

15 қыркүйек 2026 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930