Кирилл мен латынның арасында...
Қазақ қоғамы соңғы он жылға жуық уақыт бойы бір әліпбидің айналасында таласып келді. Бір кезде елдің болашағына қатысты аса маңызды тарихи қадам ретінде ұсынылған латын графикасына көшу бүгінде бұрынғыдай қызу талқыланбайды. Керісінше, қоғамның едәуір бөлігі бұл тақырыптан шаршады. Бірі күмәнмен қарайды, бірі үмітін үзді, енді бірі «осының өзі не болды?» деген немқұрайлы күйге түсті.Ең қызығы, жоба ресми түрде тоқтатылмады. Бірақ жүзеге асып та жатқан жоқ. Мәселенің күрделілігі дәл осында. 2017 жылы басталған реформаның бастапқы межесі 2025 жыл болатын. Сол кезде қазақ жазуын кириллицадан латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру жоспары жарияланып, бұл қадам мемлекеттік тілдің болашағымен, ұлттық жаңғырумен және Қазақстанның әлемдік ақпарат кеңістігіне бейімделуімен байланыстырылды. Алайда межелі жыл да өтіп кетті. Латын графикасына толық көшкен жоқпыз. Түпкілікті әліпби бекітіліп, емле ережесі орныққан жоқ. Енді, арада жылдар өткен соң, қоғамға тағы да «әліпби жетілдіріліп жатыр» деген ақпарат ұсынылды. Осы тұста заңды сауал туындайды: «Жай ғана техникалық кідіріс пе, әлде тұтас реформаның тағдырына қатысты әлдеқайда маңызды белгі ме?».
ӘЛІ БІТПЕГЕН ӘЛІПБИ
2017 жылдың күзі қазақ жазуының тарихындағы жаңа кезеңнің басталғанын білдіргендей еді. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлыққа қол қойып, 2025 жылға қарай іс қағаздарының, мерзімді баспасөздің және оқулықтардың латын графикасына көшуі тиіс екенін айтқан. Бұл шешім қоғамда үлкен пікірталас туғызды. Бір жағынан, бастаманы қолдаушылар мұны тарихи қажеттілік деп санады. Латын графикасы Қазақстанның жаһандық ақпараттық және ғылыми кеңістікке бейімделуін жеңілдетеді деген пікір айтылды. Түркия, Әзербайжан және басқа түркі мемлекеттерінің тәжірибесі де мысалға келтірілді. Екінші жағынан, әліпби ауыстырудың экономикалық, әлеуметтік және мәдени салмағы туралы сұрақтар көтерілді. Миллиондаған адамның жазу дағдысын өзгерту, оқулықтарды қайта шығару, құжаттарды жаңарту, ақпараттық жүйелерді бейімдеу – мұның бәрі қыруар қаржы мен ұзақ мерзімді жоспарды қажет ететіні белгілі еді.

Бірақ ең үлкен мәселе басқа жерден шықты. Әліпбидің өзі төңірегіндегі дау ұзаққа созылды. 2017 жылдан кейін бірнеше нұсқа ұсынылды. Апостроф қолданылатын нұсқа болды. Диграфтар пайдаланылатын нұсқалар талқыланды. Нүктелі, диакритикалық таңбалары бар жобалар ұсынылды. Бір нұсқа қабылданғанымен, оның кемшіліктері айтылып, кейін қайта қаралды. Қоғамның көңілінен шығатын, ғылыми тұрғыдан орнықты әрі технологиялық талаптарға жауап беретін әліпби жасау бір қарағанда қарапайым шаруа көрінуі мүмкін. Бірақ іс жүзінде бұл тілдің дыбыстық жүйесін, орфографиясын, компьютерлік және цифрлық ортаны, білім беру жүйесін, баспа ісін, архивтерді және қоғамның күнделікті жазу мәдениетін қатар қамтитын аса күрделі реформа. Сондықтан әліпби реформасында асығыстықтың да, жалтақтықтың да бағасы қымбат. Бізде, өкінішке қарай, осы екі шектің арасында ұзақ уақыт сергелдең болғанға ұқсайды.
Латын әліпбиіне қатысты қоғамдық пікірді түсіну үшін кейбір ұсақ көрінетін детальдарға назар аударған жөн. Жаңа әліпби нұсқалары қоғам талқысына шыққан кезде әлеуметтік желіде түрлі әзіл мен мысқыл пайда болды. Соның бірі – «saebiz» секілді жазылымдар еді. Былай қарағанда сырт көзге жай ғана интернеттегі қалжың болып көрінуі мүмкін. Бірақ мұндай құбылыстардың астарында маңызды әлеуметтік-психологиялық мәселе жатыр.
Әліпби – тек таңбалар жиынтығы емес. Ол адамның күнделікті өміріндегі ең тұрақты мәдени құралдардың бірі. Адам өз есімін, туған жерінің атауын, мемлекеттік мекеменің атын, сүйікті кітабын, баласының есімін қалай жазатынына дейін әліпбимен байланысты. Сондықтан қоғам ұсынылған таңбалар жүйесін түсінбей қалса немесе оны күлкілі қабылдай бастаса, мәселе бір ғана әріптің сәтсіз таңдалуынан асып кетеді. Ол реформаның беделіне әсер етеді. Әліпби реформасының ең маңызды капиталы – қоғамның сенімі. Ал сенім бір рет әлсіресе, оны қайта қалпына келтіру қиын.
МЕМЛЕКЕТТІК МАҢДАЙШАДАҒЫ ЛАТЫН
Латын әліпбиіне көшу мәселесіндегі тағы бір түсініксіз жайт – нақты әліпби толық бекімей тұрып, көптеген мемлекеттік мекеменің атауларын латынша жаза бастауы. Тіпті кейбір маңызды мемлекеттік органдардың ғимараттарынан да латынша жазуларды көруге болатын. Мұның символдық мәні болғаны түсінікті. Билік «реформа басталды» деген белгі бергісі келді. Қоғамға жаңа графиканың келіп жатқанын көрсеткісі келді. Бірақ мұндай символдық қадамның екінші жағы да бар. Егер қолданылатын әліпби бірнеше жылдан кейін қайта өзгеретін болса, бүгін орнатылған маңдайша ертең қайта жасалады. Қайта басылып, орнатылады. Демек, бұл бюджет шығыны ғана емес, мемлекеттік саясаттың тұрақтылығына қатысты мәселе.

Сондықтан Ғылым және жоғары білім министрлігінің жаңа әліпби мен емле ережесі түпкілікті бекітілгенше латын графикасындағы маңдайшалар мен билбордтарды орнатуды уақытша тоқтата тұру туралы ұсынысын қоғамның бір бөлігі түсіністікпен қабылдауы заңды. Өйткені ең алдымен мемлекет өзі бірізді болуы керек. Бүгін бір нұсқаны қолдандырып, ертең екіншісіне ауысу – реформа емес, эксперимент әсерін қалдырады.
19 тамызда тараған министрлік ақпараты осы мәселені қайтадан күн тәртібіне шығарды. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге бөлінген қаражаттың негізгі бөлігі жұмыс жоспарының өзгеруіне байланысты бюджетке қайтарылғаны айтылды. Ал латынға толық көшу жаңа әліпби мен емле ережелері бекітілгеннен кейін ғана басталатыны мәлімделді. Бұл жерде бір маңызды айырмашылық бар. Ресми мәлімдемеде «латынға көшуден бас тарттық» деген сөз жоқ. Демек, жоба қағаз жүзінде өмір сүріп тұр. Бірақ бюджет қаржысының қайтарылуы, нақты мерзімдердің белгісіз болуы, түпкілікті әліпбидің әлі дайын еместігі және қоғамдық дискурстың бәсеңдеуі реформаның бұрынғы қарқыны жоғалғанын көрсетеді.
РЕФОРМА БАҒЫТЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ
Латын әліпбиі мәселесінде 2022 жыл ерекше кезең болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сол жылы Ұлттық ғылым және технологиялар жөніндегі кеңестің отырысында латын әліпбиіне «тез арада көшу керек» деген ұстаныммен көптеген қателік жіберілгенін айтты. Әліпби – бірнеше жылдық науқан емес. Оның әсері ондаған, тіпті жүздеген жылдарға созылады. Сондықтан қате таңдалған әріптерді немесе сәтсіз емле қағидаларын кейін түзету үшін бүкіл жүйені қайта өзгертуге тура келуі мүмкін.

НЕГЕ СОЗЫЛЫП КЕТТІ?
Бұл сұраққа бір ғана жауап беру қиын. Біріншіден, бастапқы кезеңде әліпби мәселесі ғылыми тұрғыдан толық пысықталмай тұрып, саяси деңгейде мерзім белгіленіп қойған сияқты әсер қалдырды. 2025 жылға дейін көшу туралы мақсат қойылды. Бірақ сол мақсатқа апаратын нақты әрі тұрақты архитектура кейін қалыптасты. Екіншіден, әліпби жасау мәселесі тек филологтарға жүктелетін жұмыс емес еді. Оған IT мамандары, педагогтер, баспагерлер, архивистер, мемлекеттік басқару органдары, қоғамтанушылар және әлеуметтанушылар да кеңінен қатысуы қажет болатын. Үшіншіден, қоғаммен коммуникация жеткіліксіз болды. Әліпбидің әр нұсқасы ұсынылған сайын халыққа «мына таңба не үшін қажет?», «мына дыбыс қалай беріледі?», «пернетақта қалай өзгереді?», «балаларға қалай үйретіледі?», «шетелдегі қазақтар қалай қабылдайды?» деген сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауап берілуі тиіс еді. Төртіншіден, саяси басымдық өзгерді. Билік ауысқаннан кейін реформаның бастапқы қарқыны төмендеді. 2022 жылдан бері жоғары деңгейдегі саяси риторикада латын әліпбиі бұрынғыдай жиі айтылмайды. Сөйтіп, реформа біртіндеп қоғамның күн тәртібінен шеттей бастады.

2017 жылы қоғамға тарихи реформа ретінде ұсынылған жоба бірнеше нұсқадан өтті. Әр нұсқа талқыланды. Бірі ұсынылды, екіншісі өзгертілді, үшіншісі қайта қаралды. Соңында адамдардың бір бөлігі: «Қайсысы болса да, әуелі нақты бір шешімге келіңдер» деген позицияға жетті. Бұл – өте маңызды сигнал. Мемлекет қоғамның реформадан шаршағанын ескеруі керек. Себебі тіл реформасы халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер етеді. Ол мектептегі балаға да, мемлекеттік қызметкерге де, мұғалімге де, журналистке де, кәсіпкерге де қатысты. Сондықтан әліпби реформасы кабинетте қабылданып, қоғамға дайын күйінде ұсынылатын шешім болмауы керек. Ол – қоғаммен бірге жасалатын ұзақ мерзімді келісім.
НҮКТЕ ҚАШАН ҚОЙЫЛАДЫ?
2017 жылы басталған әліпби реформасы бастапқыда Қазақстанның тілдік болашағын өзгертетін тарихи жоба ретінде қабылданды. Бүгінде сол жобаның тағдыры белгісіз күйде қалып отыр. Бірақ бұл жерде бір нәрсені мойындау керек. 10 жылға жуық уақыт ішінде қоғам латын әліпбиінің өзін емес, оны жүзеге асыру тәсілін көбірек талқылады. Мәселенің түйіні де осында. Қазақ қоғамына енді кезекті әліпби нұсқасы ғана қажет емес. Қоғамға нақты шешім, мерзім, жауапкершілік және түсінікті стратегия қажет.

Егер латын графикасы Қазақстанның ұзақ мерзімді тіл саясатының бір бөлігі болып қала берсе, онда билік оны тағы да «бір күні көшеміз» деген белгісіз формуламен ұстап тұра алмайды. Сондықтан бүгінгі басты мәселе «латын ба, кириллица ма?» деген сұрақтан әлдеқайда терең. Басты мәселе – мемлекет өзі қабылдаған ұзақ мерзімді шешімді соңына дейін жеткізе ала ма?
Қазақ әліпбиінің тағдыры, түптеп келгенде, осы сұрақтың жауабына келіп тіреледі.
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ