Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдің ертеңін айқындайтын тарихи таңдау

Елдің ертеңін айқындайтын тарихи таңдау

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстанда жаңа саяси жүйе жағдайындағы маңызды саяси науқан өтеді. Президент Жарлығымен Құрылтай депутаттарының сайлауы осы күнге белгіленген. 
Сайлау науқаны барысында азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге, сайлаушылар тізімдерінің дұрыстығын нақтылауға және дауыс беру рәсімінің ашықтығына ерекше мән беріліп отыр. Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың өз деректерін тексеріп, конституциялық құқығын пайдалануы маңызды екенін атап өтті. 
Алдағы саяси таңдау әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін айқындайды. Сондықтан сайлау барысынан хабардар болу, кандидаттар мен партиялардың бағдарламаларымен танысу және өз таңдауын саналы түрде жасау – қоғам мүшелерінің азаматтық ұстанымының көрінісі.
19 тамыз 2026 ж. 26 0