Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірге таңдайық, бірге дамытайық

Бірге таңдайық, бірге дамытайық

coverҚұрылтай депутаттарының сайлауы – тұрғындардың қоғамдық өмірге араласуын арттыратын және азаматтық белсенділікті нығайтатын маңызды саяси үдеріс. Бұл – әрбір адамның елдің дамуына өз үлесін қосуына берілген мүмкіндік.

Өз таңдауыңды жасау – болашаққа деген сенімнің белгісі. Себебі әрбір дауыс қоғамдағы өзгерістерге әсер етіп, өңірдің даму бағытын қалыптастыруға ықпал етеді. Азаматтардың белсенді қатысуы ғана ортақ мақсаттарға қол жеткізуге жол ашады.

Барша аудан тұрғындарын Құрылтай депутаттарының сайлауына белсенді қатысуға шақырамыз. Өз таңдауыңызды жасап, азаматтық ұстанымыңызды білдіріңіз. Себебі елдің ертеңі – әрқайсымыздың бүгінгі жауапты таңдауымызға байланысты.
29 шілде 2026 ж. 30 0