Кезек күткен көмек
Баланың күлкісі – оның денсаулығының айнасы. Ал сол күлкінің сәнін келтіретін тістің саулығы көбіне уақытылы көрсетілген медициналық көмекке байланысты. Бірақ соңғы уақытта дәл осы мәселеге қатысты тұрғындардың алаңдаушылығы басым.Редакцияға түскен шағымдардың көбі мектепке дейінгі балаларға стоматологиялық көмектің қолжетімділігіне қатысты болды. Ата-аналардың айтуынша, алдын ала жазылу кейде бірнеше күнге, тіпті аптаға созылады. Ал баланың тісі аяқ астынан сыр берсе, жоспарлы қабылдауды күту мүмкін емес. Осындай жағдайлардан кейін мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына ресми сауал жолдап, тұрғындарды толғандырған бірнеше сұраққа жауап іздедік.
Сандар не дейді?
Аурухананың ресми жауабына сүйенсек, ауданда бүгінде 11 427 мектепке дейінгі және 20 714 мектеп жасындағы бала тіркелген. Яғни стоматологиялық көмекке мұқтаж болуы мүмкін балалардың жалпы саны 32 мыңнан асады. Бұл – аз көрсеткіш емес. Балалардың денсаулығы, оның ішінде ауыз қуысының саулығы тұрақты бақылауды қажет етеді. Өйткені тіс ауруы уақытында емделмесе, оның салдары бүкіл ағзаның жұмысына әсер етуі мүмкін.

Редакция жолдаған сауалдың негізгі сұрақтарының бірі емханадағы балалар стоматологтарының жеткіліктілігіне қатысты болды. Аурухана мәліметінше, балаларға стоматологиялық қызмет көрсету үшін 2 штаттық бірлік қарастырылған. Алайда жауап берілген уақытта олардың біреуі еңбек демалысында болып, қызметті екінші дәрігер жалғыз атқарып жүрген.
Бұл жерде дәрігердің кәсіби біліктілігінен бұрын, оның жұмыс жүктемесі туралы мәселе туындайды. Ойлап қарасақ, бір ғана дәрігерге мыңдаған баланың жоспарлы тексеруі, емі, профилактикалық қарауы және шұғыл жағдайлары жүктеледі. Мұндай жағдайда кезектің ұзаруы немесе қабылдауға жазылудың қиындауы заңды құбылыс. Яғни тұрғындардың редакцияға жеткізген шағымдары нақты жағдайға негізделгенін ресми жауаптың өзі де жанама түрде көрсетіп отыр.
Қабылдау неге қиын?
Аурухана ұсынған ресми жауапқа сәйкес, балаларға стоматологиялық көмек қолданыстағы заңнама талаптарына сай алдын ала жазылу арқылы көрсетіледі. Бұл – еліміздегі мемлекеттік медициналық ұйымдардың бәріне ортақ тәртіп. Сонымен қатар қосымша тіркелген пациенттерді қабылдау дәрігердің жұмыс кестесіне, нақты жүктемесіне және негізгі тіркелген тұрғындардың құқықтарын сақтауға қарай ұйымдастырылатыны айтылған.

Құжат жүзінде бұл талаптардың барлығы түсінікті әрі заң аясында жүзеге асырылады. Алайда тұрғындардың көтеріп отырған мәселесі мүлде басқа. Ата-ана үшін маңыздысы – нормативтік талаптардың қалай орындалатыны емес, баласының тісі ауырған сәтте дәрігердің қабылдауына уақытылы кіре алуы. Себебі тіс ауруы жоспарға бағынбайды, аяқ астынан пайда болады. Ал бірнеше күнге созылған кезек немесе бос уақыттың болмауы ата-ананың алаңдаушылығын күшейтетіні анық.
Бұл мәселенің тағы бір қыры бар. Ауданда мектеп жасына дейінгі балаларға стоматологиялық көмек көрсететін жеке меншік тіс емханалары жоқтың қасы. Яғни бүлдіршіндердің ата-аналарының таңдау мүмкіндігі шектеулі, тек аудандық көпбейінді орталық аурухананың балалар стоматологына жүгінеді. Мұндай жағдайда мемлекеттік емханаға түсетін жүктеменің артуы заңды құбылыс. Сондықтан тұрғындардың өтініштері мен шағымдарын орынсыз сын деп емес, көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімділігіне қатысты орынды қоғамдық сұраныс ретінде қабылдаған жөн.
Осы тұрғыдан алғанда мәселе заң талаптарын сақтау немесе сақтамаудан бұрын халықтың қажеттілігі мен медициналық ұйымның мүмкіндігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде жатыр. Аудан халқы көбейген сайын, балалар саны артқан сайын стоматологиялық қызметке деген сұраныс та ұлғая беретіні сөзсіз. Сондықтан бұл мәселе үнемі назарда болуы тиіс.
Шұғыл жағдайдағы балалар қабылданады
Редакция сауалына берілген жауаптағы маңызды тұстардың бірі – шұғыл жағдайларда балалар кезексіз қабылданатыны. Аурухана мұндай жағдайларға өткір тіс ауруын, жақ-бет аймағының қабынуын, ісінуді, жарақатты, тістің сынуын немесе түсіп қалуын, қан кетуді және дене қызуымен қатар жүретін қабыну процестерін жатқызады. Бұл – ата-аналар үшін маңызды ақпарат. Өйткені халық арасында «алдын ала жазылмасаң қабылдамайды» деген түсінік қалыптасып кеткен. Ресми жауап бұл пікірдің барлық жағдайда дұрыс еместігін көрсетеді. Егер балада шұғыл жағдай болса, медициналық көмек кезектен тыс көрсетілуі тиіс.

Қосымша тіркелу – мүмкіндік пе?
Редакция көтерген тағы бір мәселе – қосымша тіркелген азаматтарды қабылдау тәртібі. Аурухана жауабында қосымша тіркелу жүйесі медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында енгізілгені айтылған. Дегенмен мұндай пациенттерді қабылдау медициналық ұйымның өткізу мүмкіндігіне, жабдық санына, дәрігердің жұмыс кестесіне және нақты жүктемесіне байланысты ұйымдастырылады. Яғни қосымша тіркелу азаматқа қызмет алу құқығын береді, бірақ қабылдау уақыты бос орынға қарай белгіленеді. Бұл заңды талап болғанымен, тұрғындардың көңіліндегі сұрақ толық сейілмейді. Өйткені бала ауырып тұрған кезде бірнеше күн күту кез келген ата-ана үшін қиын.

Шиелі – халқы тығыз орналасқан аудандардың бірі. Балалар саны да жыл сайын артып келеді. Осындай жағдайда медициналық қызметке деген сұраныстың да ұлғаюы табиғи құбылыс. Аурухана жауабында штат саны қолданыстағы нормативке сәйкес екені көрсетілген. Алайда норматив пен өмірдегі жағдай әрдайым бірдей бола бермейді. Мәселе қабылдау уақытының ұйымдастырылуында, дәрігердің жұмыс жүктемесінде немесе профилактикалық жұмыстардың жеткіліксіздігінде де болуы мүмкін ғой?
Қандай жұмыстар жүруде?
Бізге жолданған хаттағы мәліметке сүйенсек аурухана балаларға стоматологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін бірнеше бағытта жұмыс жүргізіп жатқан көрінеді. Атап айтқанда, электронды жазылу жүйесін жетілдіру, қабылдау уақытын тиімді жоспарлау, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және азаматтардың өтініштерін тұрақты бақылауда ұстау қолға алынған. Әрине, бұл жұмыстардың тиімділігі уақыт өте келе бағаланатын болады.

Редакция жолдаған сауалға бас дәрігердің толыққанды ресми жауап беруін мемлекеттік органның ашық диалогқа дайын екенінің көрінісі деп топшыладық.
Бала денсаулығы – кез келген қоғам үшін басты құндылық. Сондықтан аталған мәселені кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін анықтайтын дау ретінде емес, медициналық қызметтің сапасын жетілдіруге бағытталған қоғамдық талқылау ретінде қабылдаған жөн. Өйткені тұрғынның талабы мен медициналық мекеменің түсіндірмесі бір арнада тоғысқанда ғана халық сенімі нығаяды. Ал сенімнің негізі – қолжетімді, сапалы және уақытылы көрсетілген медициналық көмек.
Гүлхан ЯХИЯ