ҚАЗАҚ КІЛЕМІНІҢ ҚАДІРІ ҚАШАН АРТАДЫ?
Кейде бір халықтың кешегі өмірін бүгінгі тыныштығынан тануға болады. Бұрын қазақ ауылына күз түсе қалса, әр үйдің ауласынан өзгеше бір тіршіліктің лебі сезілетін. Қырқымнан кейін жиналған аппақ жүн күнге жайылып, қыз-келіншектер оны түтіп, сабап, тазалайтын. Бір үйде ұршықтың гуілі естілсе, енді бір шаңырақта керілген өрмектің алдында отырған аналар мен әжелердің әңгімесі үзілмейтін. Сол әңгімемен бірге шежіре айтылатын, өнеге берілетін, қыз тәрбиеленетін.Өрмек басында тек алаша немесе кілем тоқылмайтын. Сол өрмектің бойына ұлттың тарихы, дүниетанымы, мінезі, талғамы мен өмір философиясы қатар өрілетін. Бүгінде сол үн жоқ. Күз келеді. Қой қырқылады. Бірақ жүн бұрынғыдай қадірлі емес. Кеше ғана асыл шикізат саналған қой жүні бүгінде қоқысқа тасталады немесе далада өртеледі. Оның орнына үйімізге мыңдаған шақырымнан келген синтетикалық бұйымдар кіріп жатыр.
БІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗ КІЛЕМНЕН БАСТАЛАДЫ
Қазақтың тоқымашылық өнері кеше ғана пайда болған жоқ. Оның тамыры адамзат өркениетінің терең қойнауына кетеді. Алтайдағы Пазырық қорғанынан табылған, біздің заманымызға дейінгі V-IV ғасырларға жататын әлемдегі ең көне түкті кілем – соның айқын дәлелі. Археологтарды таңғалдырған бұл туындының тоқылу тығыздығы мен өрнек үйлесімі сол заманның өзінде көшпелі өркениет қолөнерінің аса жоғары деңгейге жеткенін көрсетті. Аталған жәдігер жай ғана көне бұйым емес. Ол – біздің арғы бабаларымыздың дүниеге қалдырған мәдени қолтаңбасы. Иә, қараңызшы содан бері қаншама ғасыр өтті. Ғұндар дәуірі келіп, түркі қағанаты орнады. Алтын Орда құрылып, Қазақ хандығы дүниеге келді. Бірақ қазақ әйелінің өрмек алдындағы орны өзгерген жоқ. Сол заматта әр қазақ қызы жасауға арнап кілем тоқыды. Әр ана қызын өрмек басына отырғызып, шыдамдылық пен ұқыптылыққа тәрбиеледі. Әр кілем отбасының ғана емес, тұтас әулеттің абыройына айналды.
ӨРНЕКТЕР ДЕ СӨЙЛЕЙДІ
Қазақ ешқашан оюды тек әсемдік үшін қолданған емес. Әрбір өрнектің өз сыры болатын. «Қошқармүйіз» – ырыс пен берекенің белгісі болса, «түйетабан» – алыс сапар мен көштің нышаны еді. Ал «сыңармүйіз» – қорғаныштың белгісі болса, «төртқұлақ» – төрт тараптың амандығын білдірген-ді. Яғни кілемдегі әрбір сызық, әрбір бояу, әрбір өрнек сөздің орнын басқан. Біз бүгін сол тілді оқи алмай бара жатқанымыз жанға батады. Өйткені оны тоқитын қол азайды.

ӨЗГЕНІҢ БАЙЛЫҒЫ – БІЗ ҰМЫТҚАН БАЙЛЫҚ
Бүгінде әлемнің көптеген мемлекеті дәстүрлі тоқымашылықты ұлттық экономиканың маңызды саласына айналдырып отыр. Мәселен, Иранда парсы кілемдері мемлекет бренді саналады. Олар ЮНЕСКО-ның бейзаттық мәдени мұралар тізіміне енген. Арнайы Кілем музейі жұмыс істейді. Әлемдік аукциондарда кейбір парсы кілемдері миллиондаған долларға бағаланады. Ал Түрікменстан болса мемлекеттік туына дейін кілем өрнегін енгізді. Елде «Түркменхалы» мемлекеттік бірлестігі жұмыс істейді. Ұлттық Кілем күні тойланады. Бұл елде шетелдік қонаққа кілем тарту ету – мемлекеттік дәстүр. Түркияда ғасырлар бойы қалыптасқан Анадолы тоқымашылық мектебі туристік индустрияның маңызды брендіне айналған.

Ал Қазақстанда ше? Бізде қой да, жүн де, өрнек те, тарих та бар. Бірақ жүйелі саясат жетіспейді. Ұлттық мұраны ұлттық брендке айналдыруға келгенде әлі де кешенді көзқарас қалыптасқан жоқ. Кез келген фабриканы қайта салуға, технологияны сатып алуға болады. Ал шебердің жүрегіндегі білімді сатып ала алмайсың. Бүгінде табиғи бояудың шөбін танитын, жүннің сапасын бір қарағанда ажырататын, өрмектің әр жібін жаңылмай есептейтін, ұршықтың мінезін білетін аналарымыз саусақпен санарлықтай ғана қалды. Олардың көбі жетпістен, сексеннен, тоқсаннан асып отыр. Этнографтар мен қолөнер мамандарының пікірінше, дәл осы буын – қазақтың дәстүрлі тоқымашылығының соңғы тірі мектебі.
Тағы жеті-он жыл. Егер осы аралықта олардың тәжірибесі толық жазылып, шәкірт тәрбиеленбесе, мыңдаған жыл бойы үзілмеген дәстүрдің алтын арқауы үзіліп кетуі мүмкін.
ҚОҒАМ ЖҰМЫЛУЫ КЕРЕК
Ұлттық мұраны бір ғана қолөнерші сақтап қала алмайды. Бұл – мемлекеттің, мектептің, мәдениет саласының және әрбір азаматтың ортақ міндеті. Мектептердегі «Көркем еңбек» пәнінде алаша тоқу, ұршық иіру, жүн өңдеу негіздері қайта оқытылуы тиіс. Ауылдағы тәжірибелі әжелерді арнайы үйірмелерге тартып, олардың еңбегіне лайықты ақы төлеу қажет. Ауданның, әр ауылдың мәдениет клуб үйінде дәстүрлі қолөнер орталығы жұмыс істесе, онда тек көрме емес, тірі шеберхана қалыптасар еді.

Мемлекет басшысы жариялаған креативті индустрияны дамыту бағыты аясында ұлттық тоқымашылыққа арналған арнайы гранттар бөлініп, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетілсе, бұл сала жаңа деңгейге көтеріледі. Сонымен қатар елімізге ресми сапармен келетін шетелдік мәртебелі меймандарға Қазақстанның бренді ретінде ұлттық нақыштағы премиум қазақ кілемін тарту ету дәстүрге айналса, бұл мәдени дипломатияның да жарқын үлгісі болар еді.
ҰЛТТЫҢ ТАМЫРЫ ҮЗІЛМЕСІН
Кілем – үйдің сәні ғана емес, ананың алақанының табы, әженің аманаты.
Кілем – үйдің сәні ғана емес, ананың алақанының табы, әженің аманаты.
Көшпелі өркениеттің көркем шежіресі. Біз кейде тарихты кітаптан іздейміз. Шын мәнінде тарих кейде киіз үйдің төрінде ілулі тұрған алашада, сандық түбінде сақталған кілемде, өрмек басында отырған ананың саусағында жатады. Егер біз осы мұраны сақтап қала алсақ, келер ұрпақ өз тарихын өзгеден емес, өз қолымен тоқылған ұлттық мұрасынан таниды. Ал егер бүгін үнсіз қалсақ, ертең ұрпағымыз қазақ кілемін туған ауылынан емес, шетел музейлерінен көріп өсуі мүмкін. Өрмектің үні қайта естілуі үшін әлі де кеш емес. Бірақ уақыт күтіп тұрмайды.
Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ