Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шебер ұмытылып бара жатқан алаша тоқумен айналысады

Шебер ұмытылып бара жатқан алаша тоқумен айналысады



ҚазАқпарат - Арал ауданы Шөмішкөл ауылының тұрғыны Гүлнәр Әнәпияева ұмыт болып бара жатқан тоқыма өнерімен айналысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Білім саласында 40 жылдай жұмыс істеген Гүлнәр Жүсіпқызы зейнет демалысына шыққан соң алаша тоқу өнеріне шындап кіріскен. «Алаша тоқуды анам мен әжемнен үйрендім. Осы іске ден қойғанда ауылдағы апалар қатты қуанды. Өздерінің бар білгендерін айтып, өрмек ағаштарын беріп, қолдау көрсетті. Жас қыз-келіншектер де жіп иіріп, жүн түтіп, бояу жұмыстарында қол көмектерін аямауда», - дейді Гүлнәр Жүсіпқызы.
Шебердің айтуынша, алаша тоқудың шым теру, ара теру, қорасан теру, теріс бұтақ сынды түрлері бар. «Бұл өнер асқан ыждағаттылықты талап етеді. Қарапайым кереге таңғышты тоқу үшін кем дегенде 2- 3 күн уақыт жұмсаймыз, басқұрды тоқуға 1-1,5 ай кетеді», - дейді ол. Гүлнәр Жүсіпқызы алаша тоқу ісіне кіріскен шақтан бастап, шеберлігін одан әрі шыңдап келеді. Облыс, аудан көлемінде өткен шеберлік сабақтарына қатысып, өз өнерімен танылып жүр. «Облыс бойынша алаша тоқумен айналысатын екі-ақ адам бар. Оның бірі - Қармақшы ауданында тұрса, екіншісі - мен. Өткен жылы ЭКСПО көрмесі аясында өткен «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты фестивальге бұйымдарымды апардым. Түрлі өрнектермен тоқылған алашаларым келушілердің ерекше назарын аудартты. Тіпті, Шымкент, Ақтөбе, Алматы облысынан келген қонақтар мұражайларға қоюға арнайы тапсырыс беріп, тоқытып алды. Жан-жақтан келген қолөнер шеберлерінің басын құраған бұл фестиваль менің біліктілігімді арттыруыма септігін тигізді», - деді Гүлнәр апа. Қазіргі күні алаша тоқудан басқа, киізден түрлі кәдесый дайындайтын Гүлнәр Жүсіпқызының өнеріне қызығатындар көбейген. Әсіресе, ауылдағы жас келіншектер мен оқушы қыздар шеберлік сабағын алып жүр. 
13 мамыр 2018 ж. 1 518 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031