Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ұлттық автокөлік бренді пайда болады

Қазақстанда ұлттық автокөлік бренді пайда болады

Қазақстанда ұлттық автокөлік бренді пайда боладыЕлімізде ұлттық жеңіл автокөлік брендін құру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкіметтегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.


Министрдің айтуынша, Қазақстанның өз автомобиль брендін шығару – отандық автокөлік өнеркәсібінің маңызды мақсаттарының бірі. Алайда брендтің атауы, өндіріс орны мен инвестиция көлемі әзірге анықталмаған.
«Жоба әзірше пысықталу кезеңінде. Иә, келіссөздер жүріп жатыр, бірақ әзірге нақты шешім жоқ. Қай бренд негізге алынатынын қазір айта алмаймыз. Компаниялар арасында ауқымды әрі тұрақты келіссөздер жүргізіліп жатыр», деді Ерсайын Нағаспаев.

Айта кетейік, бұған дейін «Бәйтерек» холдингі ұлттық жеңіл автокөлік шығару жобасы бойынша малайзиялық Proton компаниясымен меморандумға қол қойылғанын хабарлаған еді. Сондай-ақ Үкімет отырысында «Астана Моторс» компаниялар тобының төрағасы Нұрлан Смағұлов елімізде «Астана» брендімен автобустар шығарыла бастайтындығын айтты.



21 шілде 2026 ж. 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930