Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Астана, Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астанадағы ақша айырбастау орындарында:
- доллар 475,00 теңгеден сатып алынады, 482,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу – 544,00 теңге, сату – 554,00 теңге;
- рубль: сатып алу – 5,85 теңге, сату – 6,15 теңге;
- юань 69,18 теңгеден сатып алынады, 74,00 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау орындарында:
- доллар: сатып алу– 477,80 теңге, сату– 480,40 теңге;
- еуро: сатып алу – 544,62 теңге, сату – 550,40 теңге;
- рубль 5,92 – 6,08 теңге аралығында саудаланады.
- юань 71,31 – 73,67 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 30 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,54 теңгеге түсіп, 480,72 теңге болды.







