Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚАРАСОРА-2026»: ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

«ҚАРАСОРА-2026»: ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өңірде есірткі қылмысының алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан «Қарасора-2026» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында белгілі болды. Облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Біржан Багисовтың айтуынша, іс-шара басталғалы өңірде есірткіге қатысты 38 құқық бұзушылық анықталған.
– Есірткі қылмысына қарсы күрес департамент басшылығының тұрақты бақылауында. Заңсыз айналымның жолын кесу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Қазіргі таңда облыс аумағында 5 мобильді бекет жұмыс істейді. Жалпы саны 102 қызметкер, 7 қызметтік іздестіру иті және 28 автокөлік техникасы жұмылдырылған. Сондай-ақ, әуеден бақылау және қызметтік иттерді пайдалану арқылы есірткі қылмыстарын анықтау шаралары күшейтілген , – деді Біржан Бағисов.
Айта кету керек, «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы қазан айының соңына дейін жалғасады. Оның негізгі мақсаты – есірткі құралдарының заңсыз айналымына тосқауыл қою, құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактілерін анықтау және тұрғындар арасында құқықтық тәртіпті нығайту.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


30 маусым 2026 ж. 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031