Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 184 жас «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

184 жас «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

184 жас «Болашақ» стипендиясының иегері атандыӘлемнің үздік университеттері мен ғылыми орталықтарында білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері анықталды. Биыл 184 жасқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның ішінде 137 жас магистратура бағдарламалары бойынша, 10 азамат докторантурада білім алады, ал 37 маман кәсіби тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар 51 білімгер әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.
Грант иелерін анықтаған республикалық комиссия отырысында «Болашақ» бағдарламасы аясында бакалавриатқа үміткерлерге арналған халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстар тізбесі де кеңейтілді. Сонымен бірге бағдарлама тетіктерін жетілдіруге бағытталған бірқатар мәселе қаралды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шешімдер бағдарламаның ашықтығын арттырып, талантты жастарды қолдауға бағытталған. Грант иегерлерінің толық тізімі «Болашақ» бағдарламасының ресми сайтында жарияланған. Еске сала кетейік, бұған дейін Халықаралық бағдарламалар орталығы басқарма төрағасының орынбасары Абай Рахмет «Болашақ» стипендиясы 10-15 пайызға артуы мүмкін екендігін айтқан болатын. 
24 маусым 2026 ж. 29 0