Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАБИҒАТ СЫЙЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ТАБИҒАТ СЫЙЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Өткен сенбіде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов ауданға арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев және аудан әкімі Айтбай Жандарбековпен бірге аудандағы егіс алқабының жайкүйімен танысып, ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан істерді зерделеді.

Ауыл шаруашылын дамыту арқылы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру – ел саясатының басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз сөзінде азықтүлік қауіпсіздігі мәселесін шешу қажеттігіне үнемі назар аударып, бүкіл әлемде азық-түлік бағасының өсуі аясында Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығын дамытуға тиіс екенін атап өтті. Нәтижесінде, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әр өңірлерде іске асатын инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіліп, елдегі ішкі өнімді дамытудың тың жобалары жүзеге асуда. Бұл ауыл шаруашылығы саласын басқаруды жетілдіру, ауылды жерлерде кәсіпкерлікті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді экспортқа шығару, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін арттыруда таптырмас мүмкіндікке айналды. Биыл аудан бойынша 32 088 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 11375 га, күздік бидай 1300 га, жаздық бидай 323 га, тары 200 га, дән жүгері 2100 га, мақсары 1000 га, күнбағыс 10 га, соя 70 га , жаңа жоңышқа 2870 га, ескі жоңышқа 7630 га, мал жемдік асқабақ 120 га, жемдік жүгері 60 га, сонымен қатар картоп 235 га, көкөнiс 2250 га және 2545 гектар жерге бақша дақылдары орналастырылған. Күріш егу науқаны 15 сәуір күні басталған. Бүгінде Лидер, Авангард, Каурис тұқымдарын егу жұмыстары толық аяқталып, суға бастырылған.

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ – МҮМКІНДІК КӨЗІ
Егіншілікте су үнемдеу тек технологиямен шектелмейді. Дұрыс агротехникалық шараларды қолдану, мысалы, жерді лазерлік тегістеу, егіс айналымын сақтау, топырақты дұрыс өңдеу және құрғақшылыққа төзімді дақыл түрлерін таңдау да маңызды рөл атқарады. Осы бағытта ауданда ерте көктем айында тиісті жұмыстар жүргізіліп, суды үнемдеу мақсатында 10 000 гектар жер лазерлік тегістеуден өткен. Сондайақ шаруа қожалық жерлеріне жеке тұрғындар есебінен 1665 гектарға тамшылатып суару әдісімен бау-бақша дақылдары егілген. Сапар аясында облыс әкімінің орынбасары Бахыт Дүйсенұлы су үнемдеу технологияларын енгізіп отырған «Таң LTD» ЖШС-нің және «Центр Семеноводства» ЖШС-нің егіс алқабына барып, су үнемдеу технологиясымен танысты. Мұнда аудандағы шаруа қожалық төрағаларымен тілдесіп, жасалып жатқан жұмыстардың жағдайын білді. Айта кетейік, биыл серіктестік 1000 гектар жерге дәндік жүгері дақылын тамшылатып суару әдісімен орналастырған. Ал «Центр Семеноводства» ЖШС-нің жаңбырлатып суару технологиясы арқылы 1000 гектар алқапқа жүгері дақылын егіп отыр. Бұл тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісі – ең алдымен судың ысырабын азайтудың, екіншіден өнім көлемін арттырудың бірден-бір жолы. Аралау барысында Бахыт Дүйсенұлы су үнемдеу технологияларын одан әрі кеңейту, егіс жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ қазіргі кезде егісті әртараптандырудың маңызды екенін және әр ауданның өзіндік ерекшелігін ескере келе, өнімділікті көбейту қажеттігін баса айтты. Қорыта келгенде, облыс әкімінің орынбасары егіс алқаптарының жай күйімен көзбе көз танысып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Еңбектеріне жеміс тілеп, ауданның қамбасын алтын астыққа толтыруларын тіледі.

Мейіржан ИБРАГИМОВ

09 маусым 2026 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

№41 (9408).

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930