Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЦИФРЛЫҚ БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ

ЦИФРЛЫҚ БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ

Бүгінде әлем қарқынды цифрлық дәуірге қадам басып, ақпараттық технологиялар адам өмірінің барлық саласына дендеп енуде. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытуды еліміздің басты басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. Осы бағытта Шиелі ауданында да жүйелі жұмыстар атқарылып, цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және тұрғындардың цифрлық сауаттылығын көтеру бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізуде.


Аудан әкімі аппаратының цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімі цифрлық трансформация үдерісін үйлестіріп, ақпараттық технологияларды мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу жұмыстарын жүзеге асыруда. Бөлімнің негізгі мақсаты – электронды әкімдік саясаты аясында ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру, мемлекеттік органдардың жұмыс үдерістерін автоматтандыру, басқару тиімділігін арттыру және заманауи цифрлық шешімдерді кеңінен қолдану арқылы халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту. Бұл жерде бөлім басшысы, бас инспектор, 2 әдіскер қызмет істейді. Қазіргі таңда аудан бойынша 33 ауылдық елді мекеннің 28-інде үй интернетіне қосылу мүмкіндігі бар. Бұл аудан тұрғындарының басым бөлігінің цифрлық қызметтерді пайдалануына жол ашып отыр. Интернет қызметін «Қазақтелеком» және «Транстелеком» акционерлік қоғамдары қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, 2026 жылы Шиелі кенті, Алғабас және Бидайкөл елді мекендерінде талшықты-оптикалық кең жолақты байланыс желілерін жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар ауданның 30 елді мекені 4G және 3G мобильді интернетімен қамтылған. Бұл ауыл тұрғындарының ақпараттық ресурстарға қолжетімділігін арттырып, цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызуда. Бүгінде мемлекеттік органдардың едәуір бөлігі талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы жұмыс істейді. Құжат айналымын цифрландыру бағытында да маңызды қадамдар жасалды. 2021 жылдан бастап аудан әкімдігі мен оған қарасты 31 мемлекеттік мекеме бұлтты құжат айналым жүйесіне көшіп, қазіргі уақытта 253 пайдаланушы аталған жүйемен тұрақты жұмыс атқаруда. Бұл өз кезегінде қағазбастылықты азайтып, басқару шешімдерін қабылдау жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді. Цифрлық технологияларды енгізудің нәтижесі мемлекеттік қызмет көрсету саласында да айқын байқалуда. Осы жылдың І тоқсанында аудан бойынша 2472 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 2117-сі электронды форматта ұсынылған. Бұл көрсеткіш тұрғындардың электронды қызметтерге деген сұранысының жоғары екенін көрсетеді. Аудан көлемінде орналасқан 28 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы тұрғындардың электронды үкімет порталын пайдалануына мүмкіндік беріп келеді. Ең бастысы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты биыл ешқандай арыз-шағым тіркелмеген. Цифрландырумен қатар ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекеттік мекемелерде деректердің сыртқа шығуына жол бермеу мақсатында отандық «iBatyr Monitor» жүйесі енгізіліп, ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда ұсталып отыр. Ақпараттық қауіпсіздік инциденттері бойынша тиісті жұмыстар уақтылы жүргізіліп, анықталған қауіптер жедел түрде жойылуда. Соңғы жылдары қоғамды алаңдатып отырған интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында да ауқымды жұмыстар жүзеге асуда. Әлеуметтік желілерде түсіндірме материалдары тұрақты жарияланып, қоғамдық орындарда арнайы бейнероликтер көрсетілуде. Сонымен қатар тұрғындармен кездесулер өткізіліп, түрлі ақпараттық жадынамалар таратылуда. Бұл жұмыстар азаматтардың цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуде. Биыл «Amanat AI ToT» білім беру курсы 4 мәрте ұйымдастырылып, оған 200 жас қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды. Курс барысында қатысушылар генеративті жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу, промпт-инжиниринг негіздері, цифрлық контент әзірлеу және жаңа технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын меңгерді. Сонымен қатар аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардың барлық 179 мемлекеттік қызметшісі «Өңірлік мемлекеттік қызметшілердің қызметіндегі цифрлық дағдылар және жасанды интеллект» бағдарламасы ­бойынша оқудан өтіп, сертификат алған. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және қызметкерлердің жаңа технологияларды меңгеруіне оң әсерін тигізуде. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағында бейнебақылау жүйелері кезең-кезеңімен жаңартылып келеді. Бүгінде халық көп шоғырланатын орындарда және көше бойларында ондаған бейнекамера жұмыс істейді. Сонымен қатар Шиелі кентінде қосымша бейнебақылау камералары мен жылдамдық өлшегіш құрылғылар орнатылып, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілуде. Қ а з і р г і т а ң д а ц и ф р л а н д ы р у т е к технологиялық жаңғыру ғана емес, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыратын, халықтың өмір сапасын жақсартатын маңызды құралға айналды. Шиелі ауданында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар ауданның цифрлық әлеуетін арттырып, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыруға негіз болуда.

М.КЕҢЕСҰЛЫ
02 маусым 2026 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9408).

02 маусым 2026 ж.

№40 (9407).

30 мамыр 2026 ж.

№39 (9406)

26 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930