Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықаралық тәжірибе – өңір медицинасының игілігі

Халықаралық тәжірибе – өңір медицинасының игілігі

Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас мейіргері Назым Сейілханова халықаралық деңгейде өткен біліктілікті арттыру шеберлік дәрісіне қатысып, тәжірибе жинақтап қайтты.
Аталған шеберлік дәрісі Түркия Республикасының Измир қаласындағы Izmir MedicalPoint Hospital базасында ұйымдастырылып, «Мейіргерлік істегі ­заманауи менеджмент: халықаралық тәжірибе және үздік практикалар» тақырыбын қамтыды. Оқу барысында қатысушылар шетелдік мамандармен тәжірибе алмасып, мейіргерлік қызметті басқарудың халықаралық стандарттарымен танысты.
Бағдарлама аясында басқару, көшбасшылық, сапаны арттыру, пациент қауіпсіздігі, кадрлық менеджмент және цифрландыру бағыттары бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізілді. Сонымен қатар нақты кейстер талданып, топтық жұмыстар ұйымдастырылды.
Нәтижесінде Назым Сейілханова халықаралық Observership сертификатына ие болып, алған білімін алдағы уақытта аурухана қызметін жетілдіруге бағыттайтын болады.
Осындай білім мен тәжірибе алмасу – өңірдегі медициналық қызмет сапасын арттыруға зор үлес қосатыны сөзсіз.

М.Кеңесұлы
27 мамыр 2026 ж. 64 0