Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістандық бишілер Ресейде өткен халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Түркістандық бишілер Ресейде өткен халықаралық байқауда жеңімпаз атанды


ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы «Қазына» би ансамблінің өнерпаздары Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында өткен VII Халықаралық «Розы России-2019» бишілер байқауына қатысып қайтты.
Халықаралық дәрежеде өткен байқауда Гүлназ Сыдықова мен Жүрсінбек Ақтөре арнайы І-дәрежелі марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Түркістандық «Қазына» би ансамблі аталған байқауда  «Қара жорға», «Домбыра», «Аңшылар», «Көзімнің қарасы» және ұйғырдың «Долан-машрап»,  «Чин-Таxса» билерін билеп, көрермен ықыласына бөленді. Байқау қортындысымен ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Қазына» би ансамблінің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері  Зәуре  Әжібекова «Шығармашылық ынтымақтастық үшін» және би ұжымы «Жоғары дәрежедегі кәсіби ұжым»,  «Шынайы әрі жаңаша саxналық xореографиялық қозғалыстары үшін», «Ұлттық би», «Заманауи xореография» (дуэт) номинацияларымен марапатталды.  Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы бас консул Болат Иманбаев көркемдік жетекшіге арнайы алғыс хат пен халықаралық тәжірибе алмасу бойынша сертификатын табыстады.    
inform.kz
29 наурыз 2019 ж. 1 505 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031