Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» Қызылордалық бишілер халықаралық мәдени фестивальге қатысады

Қызылордалық бишілер халықаралық мәдени фестивальге қатысады

2018 жылғы 29 қараша 22:44148 Бөлісіңіз:   ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сыр өңірінің «Томирис» би ансамблі Біріккен Араб әмірлігінде өтетін халықаралық мәдени фестивальге қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Талдықорғанда ақын Сағыныш Намазшамованың шығармашылық кеші өтті Парижде Қазақ мәдениеті мен сән өнерінің таныстырылымы өтті Алма туралы анимациялық фильм түсірілгелі жатыр Мәдени фестиваль 1 желтоқсанда басталады. Оны БАӘ Президенті, шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы гуманитарлық ұйым ұйымдастырып отыр. «Томирис» би ансамблі 2001 жылы құрылған. Алғаш ашылған кезде би тобының құрамында бар-жоғы 4 өнерпаз ғана болды. Қазір олардың саны отызға жуық. Ансамбль Қызылорда облысындағы бірден-бір кәсіби өнер ұжымы саналады. «Томирис» би ансамблі бұрыннан халықаралық байқауларда бақ сынап келеді. 2016 жылы ансамбль ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының шақыртуымен Түркияда болып, түбі бір түркі жұртының Наурыз мерекесіне қатысып, өнер көрсеткен болатын.  

inform.kz
---
30 қараша 2018 ж. 1 142 0