Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАБЫСТЫ БАСТАМА

ТАБЫСТЫ БАСТАМА

Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы елді мекендердегі іскер азаматтарға тың мүмкіндік беруде. Бағдарламаның игілігін көріп жанның бірі – жеке кәсіпкер Нұргүл Бақымова.
Кәсіпкер өткен жылы мемлекеттік қолдау аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, 9 миллион 800 мың теңге көлеміндегі қаржыны кәсібін дамытуға бағыттаған. Нәтижесінде бүгінгі таңда өзінің өндіріс ауқымын кеңейтіп, тұрғындарға сапалы өнім ұсынып келеді.
Қазіргі таңда кәсіпкер Шиелі кентіндегі «Ауыл аманаты» әлеуметтік дүкенінде өз өнімдерін саудаға шығаруда. Негізгі бағыты – жұмсақ ойыншықтар, көрпеше-төсек жабдықтары және түрлі тұрмыстық бұйымдар дайындау. Қол еңбегіне негізделген өнімдер сапасымен көпшілік сұранысына ие.
Сонымен қатар кәсіпкер заманауи ­сауда талаптарына бейімделіп, Instagram әлеуметтік желісіндегі @fatima_tigin парақшасы арқылы онлайн тапсырыс қабылдауды жолға қойған. Бүгінде өнімдер еліміздің барлық өңіріне жөнелтіліп, жеткізу қызметі тұрақты ұйымдастырылған.
Бұл – ауыл кәсіпкерлерінің жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, кәсібін цифрлық технологиялармен ұштастыра отырып дамытуының нақты көрінісі. Мемлекеттік қолдау мен кәсіпке деген ынтаның арқасында ауылда өндірілген өнімдердің республика көлемінде сұранысқа ие болуы – отандық кәсіпкерліктің дамуына оң әсерін тигізуде.
Жалпы «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Бағдарлама аясында қолдау алған кәсіпкерлердің қатары артып, ауыл экономикасының дамуына серпін беруде.

К.МЫРЗАЕВА
21 мамыр 2026 ж. 26 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (9404).

19 мамыр 2026 ж.

№36 (9403).

16 мамыр 2026 ж.

№35 (9402).

13 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031