Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалеки театрында «7+1» спектаклінің тұсаукесері өтті

Қалеки театрында «7+1» спектаклінің тұсаукесері өтті


Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында «7+1» спектаклінің тұсаукесері өтті. Ол америкалық жазушы Кен Кизидің романының желісі негізінде қойылды. Спектакльдің қоюшы-режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. Туындыда қылмыскер Макмерфидің өмірі суреттелген. Ол түрмеден құтылу үшін есі ауысқан адамның қылығын жасап, жындыханадан бір-ақ шығады. Сөйтіп емханада темірдей тәртіп орнатып, өзгелерді өзіне тұтас бағындырып қойған медбикеге қарсы күреседі. Қойылым соңында бас кейіпкер құрбан болғанымен, оның азаттыққа деген ұмтылысы басқалардың сана-сезіміне айтарлықтай өзгеріс әкелді. Әлімбек Оразбеков, қоюшы-режиссер: – Жалпы ерекшелігі – кейбір спектакльдерде кейіпкерлер сахнадан шығып кетіп, келесі шығуына дайындалады. Ал мұнда бастан-аяқ 8 адам сахнаға шықты ма, ол бастан-аяқ сахнадан кетпейді. Оның 1 секундқа басқа жаққа қарауға мүмкіндігі жоқ. Тек оқиғаның өрбуіне үлесін қосып, бір минут демалыс жоқ.
24.kz
08 маусым 2018 ж. 1 392 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930