Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл таңдауы – болашақ бағдары

Ауыл таңдауы – болашақ бағдары

Ақтоған және Қоғалы ауылдық округтерінде өткен сайлау науқаны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Аталған округтер бойынша жалпы сайлаушылар саны 510 адамды құрады. Сайлау күні тұрғындар белсенділік танытып, азаматтық ұстанымдарын білдіріп, өз таңдауларын жасауға қатысты.

Дауыс беру үдерісі қолданыстағы заң талаптарына толық сай жүргізілді. Сайлау учаскелерінде барлық қажетті жағдайлар жасалып, тұрғындардың еркін әрі ашық түрде дауыс беруіне мүмкіндік берілді. Сонымен қатар бақылаушылар мен комиссия мүшелері тарапынан тұрақты бақылау жүргізіліп, сайлаудың әділ әрі ашық өтуі қамтамасыз етілді.

Бұл саяси науқан ауыл тұрғындары үшін маңызды оқиға болды. Себебі әрбір дауыс – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. Тұрғындар өз таңдауы арқылы ауылдың алдағы даму бағытына үлес қосып, қоғамдық өмірге бейжай қарамайтындарын көрсетті.

Жалпы, Ақтоған және Қоғалы ауылдық округтеріндегі сайлау тыныш, тәртіппен өтіп, халықтың белсенді қатысуымен ерекшеленді. Мұндай шаралар азаматтардың ел өміріне деген қызығушылығын арттырып, жергілікті басқару жүйесіне деген сенімді нығайта түсетіні сөзсіз.
03 мамыр 2026 ж. 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30