Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір алаң, бір тарих: 30 жылдықтың тартысты додасы

Бір алаң, бір тарих: 30 жылдықтың тартысты додасы

Көктемнің шуақты күнінде №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектебі спорт алаңы ерекше күйге бөленді. 1996 жылғы түлектердің бастамасымен өткен 30 жылдыққа арналған волейбол турнирі – өткен мен бүгінді жалғаған тағылымды шараға айналды.
Бір кездері осы мектеп қабырғасында білім алған жандар араға жылдар салып қайта қауышып, жас буынмен бір алаңда жүздесті. Сағынышқа толы кездесуде спорт тек бәсеке емес, достық пен естеліктің символы ретінде көрінді. Жалпы саны 8 команда қатысқан додада ойындар тартысты өтті. Командалар шеберлік пен ұйымшылдықты қатар көрсетіп, көрерменге әсерлі сәттер сыйлады. Жарыс қорытындысында 11 «Ә» сыныбы қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынға ие болды. 11 «А» сыныбы табандылық танытып, екінші орынды қанжығасына байлады. Ал 8 «Д» сыныбы үздік үштікті түйіндеп, үшінші орыннан көрінді. Турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына Ақжүрек Аймаханұлы жетекшілік етті. Ұйымдастырудағы нақтылық пен жауапкершілік шараның мазмұнын арттыра түсті.
Ойын барысында жеке шеберлігімен көзге түскен қатысушылар да ерекше аталды. 11 «Ә» сынып оқушысы Абат Ерден үздік ойыншы деп танылды. 9 «Ә» сынып оқушысы Бағдаулет Нұрланхан қорғаныстағы сенімді ойынымен үздік қорғаушы атанды. 11 «А» сынып оқушысы Ақбота Еркінжан алаңдағы үйлестіру шеберлігі үшін үздік үйлестіруші номинациясын иеленді. Ал 11 «Ә» сынып оқушысы Алтынай Ергешова тосқауылдағы мықтылығымен үздік атанды.
Аталған турнир спорттық жарыс қана емес, ұрпақтар сабақтастығын көрсеткен маңызды кездесу болды. Бір алаңда тоғысқан буындар өзара тәжірибе алмасып, өткеннің ізі мен бүгіннің тынысын қатар сезінді. Жылдар өтсе де, достық пен ортақ естелік өз мәнін жоғалтпайды.

Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ
31 наурыз 2026 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031