Қоғам тынысы талқыланды
Жуырда қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер кеңінен талқыланды. Жиын барысында ауыл шаруашылығы саласын сумен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтердің сапасы, сондай-ақ ауданның алдағы даму жоспарына енгізілетін өзгерістер күн тәртібіне шықты.Су тапшылығы – басты назарда
Отырыстың алғашқы мәселесі ауыл шаруашылығы саласын аяқсумен қамтамасыз ету және су тапшылығының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға арналды. Бұл бойынша Шиелі су шаруашылығы өндірістік учаскесінің басшысы Дихан Әубәкіров баяндама жасады.
Мәліметке сәйкес, биыл аудан бойынша егіс көлемі 31 мың гектардан асады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде негізгі дақыл – күріш алқабы 10 мың гектардан астам жерді қамтиды. Осыған байланысты егістікті сумен қамтамасыз ету – аса өзекті мәселе.
Су тапшылығын болдырмау мақсатында бірқатар нақты жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, аудан аумағындағы бірнеше каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, гидротехникалық құрылымдар жөндеуден өтіп жатыр. Сонымен қатар қосымша насос қондырғыларын орнату арқылы су жеткізу мүмкіндігін арттыру көзделген.
Аудан бойынша түрлі теңгерімде 60-тан астам электрлі және дизелді насос қондырғысы бар. Оның 23 данасы Шиелісушар өндірістік учаскесі теңгерімінде. Жағдайы қанағаттанарлық. Үстіміздегі жылы су тапшылығының алдын алу мақсатында 3 жерге насос қондырғысын орналастыру жоспарланып отыр. Олар Сырдария өзенінен Қамысты қақ каналына дейін және К-4 қашыртқысынан Р-7 каналына, К-1 қашыртқысынан Жаңа Бестам каналына дейін қамтиды. Бұл жұмыстар – ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі, – деді Д.Әубәкіров.
Даму жоспарына өзгерістер енгізілуде
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – Шиелі ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу туралы болды. Бұл жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Марат Жұмаділ баяндама жасады.

Жаңа өзгерістер өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға, инфрақұрылымды дамытуға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Мәселен, бөлім басшысының айтуынша, биыл ауданда жалпы құны 924 млн теңге болатын 55 жоба іске асады. Оның 15-і егін, 10-ы мал шаруашылығы бойынша, ал 8 жоба өңдеу саласына бағытталған.
ؘ– Аталған жобаларды іске асыру барысында 150 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Сонымен бірге ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, кооперация құруға және жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған бірқатар жұмыстар жүзеге асады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, қызмет көрсету саласы, шағын өндіріс жобалары қолға алынады, – деді бөлім басшысы.
Кеңес мүшелері ұсынылған түзетулерді талқылап, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Әлеуметтік қолдау шаралары пысықталды
Жиында сондай-ақ тұрғын үй көмегін көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бұл бағытта аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов баяндама жасап, халықты әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстарын жеткізді. Аталған өзгерістер әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды қолдауға және мемлекеттік көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Мемлекеттік қызмет сапасы – басты талап
Кеңес отырысында үстіміздегі жылдың І тоқсанында аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы да сараланды.
Кеңес отырысында үстіміздегі жылдың І тоқсанында аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы да сараланды.
Баяндамада бөлім басшысы Мұрат Әшірбеков мемлекеттік қызметтердің заңнамаға сәйкес, белгіленген мерзімдерде көрсетілуі, олардың ашықтығы мен қолжетімділігіне ерекше назар аударылғанын айтты. Сонымен қатар, электронды қызмет көрсету жүйесін дамыту арқылы азаматтарға қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
Кеңес мүшелері бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру қажеттігін айтып, нақты ұсыныстар білдірді.
Қоғамдық бақылау – тиімділіктің кепілі
Жалпы, қоғамдық кеңес отырысында көтерілген мәселелер аудан үшін маңызды екені айқын аңғарылды. Әсіресе су ресурстарын тиімді пайдалану, әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру – уақыт талабынан туындаған міндеттер. Мұндай ашық талқылаулар мен қоғамдық бақылау тетіктері жергілікті билік пен халық арасындағы байланысты нығайтып, қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Қоғамдық кеңесте қаралған әрбір мәселе – аудан тұрғындарының тұрмыс-тіршілігімен тікелей байланысты. Сондықтан мұндай жиындардың маңызы зор. Алдағы уақытта да осындай кеңестерде көтерілген ұсыныстар мен пікірлер ескеріліп, нақты істерге ұласса, ауданда әлеуметтік-экономикалық дамуы жаңа деңгейге көтерілері сөзсіз.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ