АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу
Анадан балаға жүктілігі, босанған немесе емшекпен емізуі кезеңінде АИТВ –ның берілу жолы кең тараған күйінде қалуда.АИТВ жұқтырған әйел осы дертті жұқтырған да, сонымен қатар дені сау бала да тууы мүмкін. Статистика бойынша АИТВ жұқтырған әйелдерден туған 100 баланың орташа есеппен 30% жұқтыруға, оның ішінде 5 -тен 11% дейінгісі жатырында, 15% туған кезінде, 10% емшекпен емізу кезінде шалдығады, және 70% жағдайында бала жұқтыруға шалдықпайды. Бала 3 жасқа толған кезге дейін диагнозы қойылмайды. Бұл – ананың АИТВ-ға дене қарсылығының, баланың қанында үш жылда сақталатындығымен және егер осылар кейін жоқ болып кеткен кезде, онда бала АИТВ-теріс деп есептеледі, егер оның өзінің дене қарсылығы пайда болса, бала АИТВ – оң деп есептелетіндігімен түсіндіріледі. Ананың перзентханада баласынан бас тарту жағдайы жиі ұшырасады. Сондықтан АИТВ жұқтырған жүкті әйелдермен (жүктілігі кезінде дұрыс мінез-құлқы болған кезде) жұмыс жүргізу және оларға денсаулығы жоғары бала туу мүмкіндігі бар екендігін түсіндіру қажет.
Егер қынабында қабыну үдерісі болса (жара не жырық), анадан балаға жұқтыру қаупі өсетіні сөзсіз. Онда ұрық төңірегіндегі қабықшаның мезгілінен бұрын айырылуы тіркеледі. Мұндай жағдайда дәрігерлер көбінесе, туу үдерісінде баланың ықтимал АИТВ жұқтыруын азайту үшін ұрық төңірегіндегі қабықша айырылғанға және толғату басталғанға дейін, жарып алу тәсілін қолданады. Қазіргі кезде жүкті әйелдерді емдеудің профилактикалық курсы бар және жұмыс істейді. Оның мақсаты туу кезінде жұқтырған анадан балаға АИТВ берілуінің қаупін азайту болып табылады. Осындай емдеу курсын қолдану кезінде баланың ықтимал жұқтыруы 2/3-ке азаяды. Емдеу ана босанғаннан кейін аяқталады. Жұқтырған анадан балаға АИТВ берілу қаупін жоққа шығаруға болмайды, сондықтан да АИТВ бар анадан туған нәрестені жасанды жолмен емізеді (дәрігерлер ұсынады).
Ж.Тілеуберген,
АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданы филиалының дәрігер-лаборанты
АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданы филиалының дәрігер-лаборанты







