Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АРНАЙЫ КИІМ, АЙҚЫН ҚАДАМ

АРНАЙЫ КИІМ, АЙҚЫН ҚАДАМ

Шиелі кентіндегі №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейінің базасында орналасқан №288 референдум учаскесінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрылымына кіретін «РУ-6» ЖШС-ның «Қарамұрын» кеніші қызметкерлері маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасады.
Кәсіпорын жұмысшылары жалпыхалықтық референдумға белсенді араласып, елдің болашағына қатысты шешім қабылдауға үлес қосты. Бұл әрекет олардың азаматтық жауапкершілігі мен қоғамдық белсенділігінің айқын көрінісі болып табылады. Әсерлі көріністердің бірі – біртұтас корпоративтік киім киген қызметкерлердің бірлігі мен ұйымшылдығы көрініс тапты. Олардың тек жұмыс ортасында ғана емес, қоғамдық-саяси өмірде де белсенді екенін көрсетті.
«Қарамұрын» кенішінің ұжымы бұл маңызды шараға тек қана формальді қатысу емес, шын ниетпен атсалысып, өздерінің азаматтық позициясын көрсетті. Кәсіпорынның бастамашыл қызметкерлері үшін бұл – қоғам алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі, ал олардың белсенділігі басқаларға да үлгі болары сөзсіз. Жалпыхалықтық референдумға қатысу арқылы әрбір азамат өз елінің болашағына ықпал етеді. «Қарамұрын» кеніші қызметкерлерінің үлесі – бұл науқанның тек ресми емес, сонымен бірге рухани мәнін көрсететін маңызды қадам.

С.МАДИЯРОВА
17 наурыз 2026 ж. 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№55 (9422).

25 шілде 2026 ж.

№54 (9421)

21 шілде 2026 ж.

№53 (9420).

18 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031