Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМДА ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРЫ ДА ДАУЫС БЕРДІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМДА ШИЕЛІ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРЫ ДА ДАУЫС БЕРДІ

Конституцияға өзгерістер енгізуге байланысты өткізілген республикалық референдумда Шиелі ауданының құрметті азаматтары да дауыс беруге келіп, өз таңдауларын жасады. Ұрпаққа лайықты, тұрақты даму жолын айқындайтын маңызды саяси науқанда белсенділік танытқан ауданның қоғамдағы құрметті тұлғалары әрбір азаматтың конституциялық құқығын орындауы – ел болашағына қосқан үлестің айнасы екенін атап өтті.

Референдум учаскелерінде дауыс беру тәртібі талапқа сай ұйымдастырылып, тұрғындарға барлық жағдай жасалған. Құрметті азаматтар өз таңдауларын жасап қана қоймай, жас ұрпаққа азаматтық белсенділік үлгісін көрсетті. Мұндай белсенділік – қоғамдағы бірлік пен жауапкершіліктің көрінісі, ел дамуы мен тұрақтылығы үшін маңызды қадам болып отыр.  

15 наурыз 2026 ж. 37 0