«ЕСАБЫЗ АТА КЕЛІНДЕРІ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫ ДАУЫС БЕРДІ

Бүгінгі референдумда белсенділік танытқан тұрғындардың қатарында «Есабыз ата келіндері» шығармашылық тобы да болды. Топ мүшелері дауыс беру учаскесіне бірге келіп, азаматтық таңдауларын жасап қана қоймай, ұлттық дәстүрлерді дәріптеудің үлгісін көрсетті.
Ұлттық киім киген келіндер дауыс беру орнына көтеріңкі көңіл күймен келіп, жиналған жұртшылыққа ерекше әсер сыйлады. Олар қазақ халқының көктем мезгіліндегі маңызды дәстүрлерінің бірі – Көрісу күнін жаңғыртып, амандасу рәсімін көрсетті. Жиналған қауым бір-бірімен қол алысып, жылы лебіздерін білдіріп, татулық пен бірліктің белгісін танытты.
Сонымен қатар, топ мүшелері шашу шашып, игі бастамаға ақ тілектерін арнады. Шашу – қазақ халқының қуанышты сәттерінде орындалатын ізгі дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр арқылы олар елдегі маңызды саяси науқанның берекелі өтуіне тілектестіктерін білдірді.








