Топ-баннер
Топ-баннер2
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақ жүректі Ақтілек

Ақ жүректі Ақтілек

«Шебердің инесі де, соққан күймесі де алтын» деген. Қай салада болсын өз ісін жетік білетін маманның жүзі ашық, абырой-беделі биік болады. Мамандыққа адалдық турасында ой қозғағанда адам жанының арашасы бола білген ақ желеңділерге артылған жүктің жеңіл емес екенін аңғарамыз. Себебі «медицина мамандарына қателесуге болмайды» деген қағида бар. Дәрігер болу дегеннің өзі «адамға жарық сыйлау» деген тіркеспен үйлесетін секілді. Медицина саласында түйген-білгенім көп, болдым-толдым демей, шыңдалудан жалықпайтын дәрігерлердің бірі – Ақтілек Даниярова.
Аудан тұрғындары Шиелі аудандық көпбейінді орталық аурухананың оңалту бөлімінің меңгерушісі Ақтілек Асанбайқызын білім-білігінің арқасында елдің құрметіне бөленіп жүрген жан деп біледі. Жүзі жылы, жүрегі жұмсақ, емделушілердің әрқайсысына ерекше ілтипатпен қарайтын дәрігердің емі шипалы, сөзі дәру. Ақтілек басшылық жасайтын оңалту бөлімінің тыныс-тіршілігі қауырт. Әрбір науқастың жай-күйін ұғынып, дер кезінде көмек көрсету қажет. Антына адал дәрігерлер бұл үдедеден табылып жүр. Таңғы сағат 08:00-де әр қызметкер өз орынан табылады. Оңалту бөлімінде физ кабинетінің меңгерушісі – Гүлназ Батталова, лфк инструкторы – Анар Әлімбетова, күндізгі мейіргерлер – Шынар Бекзадаева, Айна Жолдасова, Баян Ниязханова, массажист – Айдос Сатанов сынды өз ісінің мамандары жұмыс істейді. Ауызбіршілік таныта жүріп, жауапкершіліктің жүгін сезіне білетін бөлімдегі жағымды атмосфера кез-келген науқастың аяқтан тік тұруына мол септігін тигізері сөзсіз. Өйткені мен де осы бөлімде ем алып, білікті дәрігерлердің еңбегіне куә болдым.
Бүгінде «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген тәмсілді екінің бірі айтады. Алайда, жұмыр басты пенденің басына құдіреті күшті Алла түрлі сынақтар жіберіп жатады. Соның бірі – денсаулық. Дәрігерге уақытылы қаралып тұру шарт. Тіпті уақытыңыз жетіп жатса алты айда бір медициналық тексеруден өтіп тұрғанның зияны жоқ. Ауру астан да, ауадан да таралып жатқан бүгінгі қоғамда дәрігерге артылатын міндет те күннен-күнге күшейіп келеді.
Әр адам үшін денсаулық – бірінші байлық. Дәрігерлер сол байлықты сақтауға қолдан келгенше жәрдемдеседі, барын, жанын салады. Сөзімізді түйіндей келе, науқастардың еміне себепші болып жүрген жоғары білікті дәрігер Ақтілек Асанбайқызы секілді білгір маман көп болсын демекпіз.

Құрманай Бостандық,
ардагер-ұстаз

10 наурыз 2026 ж. 26 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031