Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көп қырлы қаламгер

Көп қырлы қаламгер

3 наурыз – күллі әлемде аталып өтетін дүниежүзілік жазушылар күні. Бұл – адамзат руханиятына өлшеусіз үлес қосып жүрген қаламгерлерге көрсетілетін құрмет күні. Жас оқырмандарды кітап оқуға баулу, қаламгер шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, сөз өнерінің шебері, оқырман жүрегінен орын алған қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұрмахан Елтайдың «Жазушылар әлемі: рух пен сөздің шежіресі» әдеби шығармашылық кеші өтті.
Кездесу барысында жазушының өмір жолы мен еңбек жолы таныстырылып, шығармашылығы жайлы бейнеролик көрсетілді. Қаламгер журналистика, жазушылық және сатира жанры жайлы ой бөлісіп, талант пен еңбек, батылдық пен жауапкершілік туралы тағылымды пікірлерін ортаға салды. Ол – ақпарат айдынында еркін жүзген тілші, адам жанына үңілген жазушы, қоғамның мінін күлкімен түйреген сатирик.
Журналист – шындықты жеткізсе, жазушы – шындықты сезіндіреді. Ал сатирик – шындықты түзетеді. Осы үш өнерді бір арнаға тоғыстыру кез келген жанның қолынан келмейтін қасиет. Әсіресе, жастарға арнаған ақыл-кеңесі мен өмірлік ұстанымы көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Біздің бүгінгі қонағымыз да шығармашылық әлемде өткір ой айтып жүрсе, шаңырағында асқар тау әке, немерелеріне саялы бәйтерек – ата. Себебі жақсы жазушы болу – талант, жақсы сатирик болу – батылдық, ал жақсы әке, ата болу – үлкен жүрек пен жауапкершілік.
Сонымен қатар 1 наурыз – Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келген бұл рухани кеште қаламгер туған жерге, оқырман қауымға, өнер мен әдебиетті қадірлейтін жандарға ризашылық білдірді.
Кеш соңында кітапхана директоры Гүлдана Жақыпова құттықтау сөз сөйлеп, жазушыға алғыс білдіріп, сый-сияпатын жасады. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың рухани дамуына, кітапқа деген сүйіспеншілігінің артуына үлкен ықпал ететіні сөзсіз.

«Өскен өңір» ақпарат
03 наурыз 2026 ж. 42 0

Қоғам

Көп қырлы қаламгер

03 наурыз 2026 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (9383)

28 ақпан 2026 ж.

№15 (9382)

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031