ЕЛ ҚОРҒАҒАН ЕРЛЕР
2026 жылдың 16 ақпан күні «Арман» мәдениет үйінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай «Ел қорғаған ерлер» атты еске алу шарасы өткізілді.
Еске алу шарасы Ауғанстан соғысы жайлы бейнероликпен бастау алды. Бейбіт заманда бұрқ еткен Ауған жеріндегі қасіретті соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ерлік пен өрлікті, батылдық пен батырлықты, адалдық пен сертке берік жауынгер жандарды ұлықтау іс-шарасын Шиелі ауданының қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев ашып беріп, бірқатар Ауған соғысының ардагерлерін аудан әкімі Айтбай Жандарбековтің Алғыс хатымен марапаттады.
Аудандық Ауғанстан соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестігінің арнайы дайындаған «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» жайлы бейнеролик көрермендер назарына ұсынылып, залдағы қатысушы ардагерлердің сол кездегі майдан даласындағы ұрыс-қимылдарын, қиын мен қызықты сәттерін естеріне түсірді.
Кезекті сөз кезегін «Шиелі аудандық Ауғанстан соғыс ардагерлері мен патриот жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серікбай Берімбетов интернационалист ардагерлерді айтулы мерекелерімен құттықтай отырып, отбастарына амандық, дендеріне саулық, сәттілік тіледі.
Шара барысында «Арман» мәдениет үйінің өнерпаздары арнайы дайындағын концерттік бағдарламасын ұсынды. Еліміздің белгілі композиторларының әндерін орындап көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Шара соңында ұйымдастырушылар Ауған соғысының ардагерлерін ортаға алып естелік суретке түсумен қорытындыланды.







