Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кене де қауіпті

Кене де қауіпті

2025 жылғы жағдай бойынша Шиелі ауданында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, нақтыланған жағдаймен 4 адам ем алып жазылып шықты. 2 науқас Бидайкөл ауылынан анықталса, 1-еуі Ақмая ауылы, 1-еуі Досбол би ауылының тұрғындары.
Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы – жедел трансмиссивтi жұқпалы аурулар қатарына жатады. Негiзiнен екi толқынды дене қызуының көтерiлуiмен, жалпы интоксикация және тромбогеморрагиялық синдром белгiлерiмен сипатталады. Айта кететiн жағдай, ТМД және шетелдерде бұл аурудың өзiне тән эндемиялық географиялық ошақтары бар.
Республика аумағында жыл сайын адамдардың КҚГҚ-мен ауруының спорадиялық жағдайы тіркеледі. Елімізде Шымкент қаласы және Жамбыл, Қызылорда, Түркістан ­облыстары КҚГҚ бойынша эндемиялық (қолайсыз) аумақ болып есептеледі.

ҚКГҚ-ның Қазақстандағы табиғи ошақтары:
• Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы маусымдық сипатқа ие, яғни көктем, жаз айларында кеңiнен етек алады. Негiзiнен ауылдық жердегi мал шаруашылығы, егін шаруашылығымен айналысатын тұрғындар ауырады. Қалалық тұрғындар ауылдық, далалық жерге барған кезде ауруы мүмкiн. Кейбiр жағдайда ауру науқас адамнан сау адамға, не болмаса зертханалық тексерулер барысында қан арқылы жұғуы мүмкiн.
• Эпидемиология – аурудың табиғаттағы резервуары сүт қоректiлер: сиыр, ешкi, қоян және жабайы кемiргiштер болып табылса, тiкелей ауруды таратушы кене Hyalomma marginatum деп аталады. Ол өз бойында аталған аурудың қоздырғышын тасымалдайды. Сол кенелер адам денесiне жабысуы салдарынан, не болмаса сол кенелердi сығып өлтiру барысында қаны арқылы жұғады.

Аурудың кезеңдерi:
Геморрагия алды кезеңi (аурудың бастапқы кезеңi, 3-4 тәулiк).
Геморрагиялық көрiнiстер кезеңi (аурудың өршу уақыты).
Реконвалесценсия кезеңi (аурудың айығу кезеңi).
Геморрагиялық белгiлерсiз өтетiн жағдайларда ауру дене қызуының көтерiлуiмен және токсикоз (улану) белгiлерiмен сипатталып, диагностика барысында бiрталай қиындық туғызады. Мұндай жағдайларда диагноз эпидемиологиялық анамнезге және лабораториялық анализдерге сүйене отырып қойылады. Клиникалық белгілері: дене қызуының көтерiлуi, басының қатты ауруы, буын, бұлшық еттердiң, дененiң сырқырап ­ауруы, әлсiздiк, делсалдық, тез шаршау, бас айналу, шөлдеу, балтыр бұлшық еттерiнiң қатты ауруы, есiнен айырылу, ас iшуге байланысты емес қайталап құсу, белдiң тұсындағы қатты ауыру сезiмi, iшiнiң ауруы, бетiнiң, мойнының, кеуде қуысының терiсiнiң қызаруы (симптом капюшона), дене қызуының көтерiлуi. Петехиалды және ірі геморрагиялық бөртпелер, мұрыннан, тіс жиегінен, асқазан- ішек жолдарынан т.б қан кету.

Білгеніңіз жөн:
– Кене шаққан жағдайда жылдам алып ­тастау қажет. Кене шаққаннан кейін дене қызуын 14 тәулік ішінде күніне 2 рет өлшеп отырыңыз. Дене қызуы көтерілген жағдайда тез арада медициналық ұйымдарға жүгіну қажет.
– Табиғатқа, тауға, егістікке, балық, аң аулауға шыққанда, мал союға қатысқанда жеке қорғаныс құралдарын пайдалану. (қорғаныштық қолғаптар, қан шашырау қаупі болатын жағдайда көзілдіріктер, әсіресе мал союшы қасапшылар денеге толық қорғаныш костюмдерін киюі қажет).
– Конго-Қырым геморрагиялық қызба ауруын жұқтыратын кененің табиғи ошақтарында кенені азайтуға бағытталған іс-шараларды, яғни санитарлы ағарту жұмыстарын жүргізу. Қазіргі таңда ауруды жұқтыратын кененің саны өте көп және табиғатта кеңінен таралған.Сондықтан аурудың алдын алудың жалғыз әдісі акарицидтердің (кенені жоюға арналған химиялық заттар) көмегімен кенеге қарсы күрес болып табылады.
Денеге қадалған кенені алып тастаудың қауіпсіз шарасын сақтау үшін қарапайым қағидаларды сақтау қажет.
– Кенені жалаңаш қолмен ұстамаңыздар. Ұшы өткір пинцетті пайдаланыңыз немесе қолыңызға резеңке қолғаптармен, болмаған жағдайда матамен қорғаныңыз. Пинцетке кенені тұмсық жағынан қысып іліп алу қажет. Пинцетті қатты қыспай (кенені мыжып тастамас үшін), шайқалтпай ақырын ғана жоғарыға қарай тарту қажет. Кененің тұмсығы теріде қалып қоймауын қадағалаған жөн. Кенені алып тастаған орынды спиртпен сүрту керек. Алынған кенені қақпағы бар мықты ыдысқа салып қойған абзал. Кене шаққан науқас ауырған жағдайда не болмаса кененің сау немесе ауру кене екенін анықтау мақсатында кенені вирусологиялық зерттеу орталығына алып барып зерттеуге болады.
Денсаулық – зор байлық. Аурудың емін емес, ауырмаудың жолын іздейік!

Айгерім Алсугурова,
Шиелі көпбейінді орталық аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінің меңгерушісі
16 ақпан 2026 ж. 32 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№12 (9379)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (9378)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (9377)

07 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728